10.12.2008, 17:46 2889

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі өткен аймен салыстырғанда 5,5% ұлғайды - Ұлттық банк

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі өткен аймен салыстырғанда 5,5% ұлғайды - Ұлттық банк

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі өткен аймен салыстырғанда 5,5% (жыл басынан бастап - 52%) ұлғайып, 2008 жылғы қараша айының аяғында 773,2 млрд. теңге болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы қарашада Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 5 аукцион болды. Оларға 9 айлық МЕККАМ (9,5 млрд. теңге), 12 айлық МЕККАМ (8,3 млрд. теңге), 4-жылдық МЕОКАМ (1,3 млрд. теңге), 6-жылдық МЕУКАМ (14,1 млрд. теңге), 15-жылдық МЕУЖКАМ (12,0 млрд. теңге) орналастырылды.

Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік инфляция деңгейінде тиісінше: 9 айлық МЕККАМ бойынша - 7,38%, 12 айлық МЕККАМ бойынша - 7,64%, 4-жылдық МЕОКАМ бойынша - 8,73%, 6-жылдық МЕУКАМ бойынша - 8,75%, және 15 - жылдық МЕУЖКАМ бойынша жылдық кірістілік 1% болды.

Ұлттық Банктің ноталары эмиссиясының көлемі 2008 жылғы қарашада 2008 жылғы қазанмен салыстырғанда 30,8% азайды және 206,3 млрд. теңге болды. Айналыс мерзімі 28 және 182 күн болатын ноталар шығарылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап ноталарды шығару 2768,5 млрд. теңге болды.

Қысқа мерзімді ноталардың кірістілігі 2008 жылғы қазандағы 6,13%-дан 2008 жылғы қарашада 6%-ға дейін төмендеді.

Айналыстағы ноттардың көлемі 2008 жылғы қарашаның аяғында 2008 жылғы қазанмен салыстырғанда 21,6% ұлғайып, 404,6 млрд. теңге болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны