24.10.2007, 12:15 1645

Қаржы нарықтарындағы кейінгі оқиғалар Қазақстанның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын айқын паш етті - Илемдік банктің вице-президенті

Қаржы нарықтарындағы кейінгі оқиғалар Қазақстанның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын айқын паш етті - Илемдік банктің вице-президенті

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Илемдік банктің вице-президенті Шигео Катцудың пайымдауынша, қаржы нарықтарындағы кейінгі оқиғалар Қазақстанның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын айқын паш етті. Бұл туралы ол Қазақстандық банк-қаржы жүйесінің делегациясымен кездесу барысында атап өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Инуар Сәйденов пен ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы Арман Дунаев басқарған қазақстандық делегация қазір Вашингтонда жүр. Олар Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қоры басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы мәжілісіне қатысуда.

Кеңес аясында қазақстандық өкілдер Илемдік банктің вице-президенті Шигео Катцумен, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьермен және "Citigroup", "Merrill Lynch" компанияларының экономистері мен сарапшылары тобымен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің абспасөз қызметі.

Сұхбат барысында "Ш.Катцу қаржы нарықтарында ағымдағы уақытта болып жатқан оқиғалар экономикасы жаңадан қалыптаса бастаған елдердің арасындағы Қазақстанның салмағы мен оның оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын айқын көрсетіп берді деп атап өтті", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

И.Сәйденов вице-президент Ш.Катцуға Қазақстанның банк саласындағы ағымдағы ахуал, коммерциялық банктердің қарыздық міндеттемелерін қайта қаржыландыру тұрғысында Ұлттық банк тарапынан қолданылып жатқан қысқа және ұзақ мерзімді шаралар жайлы хабардар етті. "АҚШ-та болған ипотекалық несие беру саласындағы дағдарыстың Қазақстанның банк секторына да әсер еткенін атап өткен И.Сәйденов Қазақстан экономикасының іргелі көрсеткіштері елімізден экспортқа шығарылатын тауарлардың әлемдік нарықтағы бағасының жоғары деңгейде сақталып отырғанын ескергенде, оң сипатта сақталып отырғанын жеткізді", - делінген хабарламада.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьермен кездесу барысында Қазақстандық банктердің бірігуі, инвестициялық компаниялармен ынтымақтастық стратегиялары мен келешегі бар бірлескен жобалар жөнінде талқыланды.

Хабарламада келтірілген Ж.Лемьердің сөзіне жүгінсек, "Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанның банк - қаржы жүйесін сырқаттардан ада деп санайды". Осы орайда "Ұлттық банк пен республика үкіметінің жүйені қолдау бағытында дер кезінде қолданған сауатты шаралары атап көрсетілген" .

"Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті екінші деңгейлі қазақстандық банктердің бірігуі және басқа да басымдық берілген жобалар бойынша Ұлттық банкпен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін білдірді", -деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Сапар аясында делегация сонымен қатар қаржылық және инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізіп, "олардың барысында қаржы секторындағы ағымдағы ахуал және қаржылық ұйымдардың іс-қызметін қадағалау тәжірибесіне қатысты мәселелер сарапқа салынды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны