15.05.2014, 23:04 3110

Қаржы полициясы I жарты жылдықта ШОБ тексерісін 2 есеге қысқартты

Қаржы полициясы органдарының бастамасымен 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында кәсіпкерлерді тексерудің 63 шарасы өтті, ол өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге аз.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. Қаржы полициясы органдарының бастамасымен 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында кәсіпкерлерді тексерудің 63 шарасы өтті, ол өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге аз.

Оған қоса ағымдағы жылы көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 7,6 есеге қысқарса, 2011 жылмен салыстырғанда 9 есеге қысқарды., деп Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде хабарлады.

Сондай-ақ, қаржы полиция органдары 2014 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз бас сұққан қылмыс көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 16% пайызға көп, яғни 76 (65) көрсеткішінде тұрақтады.

Оған қоса, бизнеске араласқан меимлекеттік орган қызметкерлерінің жауапкершілікке тартылуы 20 пайызға көтерілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны