04.09.2007, 19:09 3740

Қаржы секторының тұрақсыздығы жылжымайтын мүлік нарығына әсер етпейді, баспана бағасы өсе бермек - риэлторлар қауымдастығы

Қаржы секторының тұрақсыздығы жылжымайтын мүлік нарығына әсер етпейді, баспана бағасы өсе бермек. Мұндай пікірін бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Ұлттық риэлторлар қауімдастығының вице-президенті Олег Алферов мәлім етті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. АЛМАТЫ. Қаржы секторының тұрақсыздығы жылжымайтын мүлік нарығына әсер етпейді, баспана бағасы өсе бермек. Мұндай пікірін бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Ұлттық риэлторлар қауімдастығының вице-президенті Олег Алферов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Оның пайымдауынша, "әртүрлі адамдардың аузынан ұлттық валюта мен банк жүйесінің қирайтындығы және нарықтағы жылжымайтын мүлік бағасының құлдырайтындығы туралы сәуегейлікке байланысты белгілі ләрежеде абыржушылық туындаған" Қазақстанның қаржы нарығында қазіргі қалыптасқан ахуалда жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай екі түрлі жолмен өрбиді деген болжам жасауға болады.

"Бірінші пессимистік болжам, ол сыртқы қарыз алу нарығындағы ахуал қалпына келмеген және және екінші деңгейлі банктер үшін шетелдегі капитал құны жоғары деңгейде қалған жағдайда көрініс береді",- деп хабарлады Олег Алферов. Оның түсіндіруінше, екінші деңгейлі банктердегі несиелендіру ставкасы "қазіргі деңгейде қалса, онда жылжымайтын мүліктің ликвидтілігі төмен бөлігінде (2005-2006-жылдарда бағасы тым шарықтаған) баға одан әрі түзетіледі немесе тұрақтанады деген болжам жасауға болады. Ең сорақы жағдайда орталық аудандардағы, техникалық және моральдық тұрғыда ескірмеген, сұранысқа ие жылжымайтын мүлік санаттары үшін баға конъюнктурасы тербелісте болмақ.

"Сәйкесінше, бір сегментте өсу және басқаларында төмендеумен бір-екі тоқсан ішінде тұрақтануды болжауға болады",- деп атап көрсетті Олег Алферов. Бірақ, риэлторлар қауымдастығының вице-президентінің пайымдауынша, "отандық қаржы реттеушілерінің пікірінше, мұндай сценарий болады деуге негіз жоқ ",- деп атап көрсетті.

"Қазанда АҚШ-тағы ипотекалық облигациялар бойынша төлемдерді төлемеудің шарықтау шегінен өткенде жағдай түзеледі, дамушы экономикаларға деген сенім бұрынғы қалпына келеді деген ықтималдық зор. Осыған сәйкес біздің банктер бұрынғы жағдаймен ақша тарта алады, және де бұрынғы кезеңдердегідей ипотекалық бағдарлама аясындағы пайыздық ставка да бұрынғы деңгейіне қайтып келеді, болашақ қарыз алушыларды қолдау деңгейі жоғары болады, алғашқы жарна деңгейі нөлге жақындайды",- деп санайды О. Алферов. Оның бағалауынша, "осыдан кейін, жылжымайтын мүлік бағасының қазіргідей "ажиотажды", "жоғары қызулы" деңгейін емес, бірақ бірқалыпты және тұрақты өсуін күтуге болады".

Сонымен қатар, О. Алферов соңғы үш аптада сатып алу белсенділігінің 20 - 25 пайызға өскендігі және ипотекалық несиелеуге қатысты қарыз алушылардың белсенділігі байқалғандығын, атап көрсетті. "Алғашқы үштіктегі банктерде шарт қатая түскеніне қарамастан, бүгінде алғашқы жарнаның деңгейі 30 - 50 пайызға дейін өскен, ал ставкалар бүгінде жылдың 20 - 25 пайызға жетіп отыр, сөйтсе де қарыз алушылар ипотекалық несиелау қызметін құлшына пайдалануда",- деп атап өтті О. Алферов. "Бұл төлемдік қабілетті сұраныс пен оның көлемінің төмендеуіне жетеміз деп болжауға негіз бермейді, бұл бекемділіктің белгілі бір қоры мен төлем қабілеттілігінің лимиті айтарлықтай үлкен екендігінің айқын белгісі",- деп қосты ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны