23.10.2006, 18:16 3366

Қаржы тапшылығынан автожол саласындағы бағдарламалар жүзеге аспай қалу қаупі бар - көлік және коммуникация министрі

АСТАНА. 23-қазан. Kazakhstan Today. Қаржы тапшылығынан автожол саласындағы бағдарламалар жүзеге аспай қалу қаупі бар. Бүгін сенаттың аймақтық және салалық даму комитетінің отырысында еліміздің көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2012-жылға дейінгі автожол саласын дамыту бағдарламасында жергілікті автожолдарды күрделі жөндеу мен жаңалауға 150 млрд. теңге бөлу межеленген. Осыны ескеру негізінде жергілікті жолдарды тең қаржыландыру бағдарламасында оны 2007-жылдан бастап жүзеге асыру жоспарланған болатын. Біз республикалық бюджеттік комиссиядан 15 млрд. теңге сұраған едік. Оның тең жартысы - күрделі жөндеуге, қалғаны - жергілікті жолдарды жаңалауға жұмсалуға тиіс болатын. Сұралған 15 млрд. теңгеден жолдарды жаңалауға 5,5 млрд. теңге ғана бөлінді. Ал күрделі ждөндеуге бір тиын да бөлінген жоқ",- деді С.Ахметов.

"Сол себепті біз жергілікті жолдарды дамыту жөніндегі бағдарлама алғашқы жылдан бастап-ақ жүзеге аспайтын болғаны ма деген сауал тастап отырмыз",- деді ол.

Министрдің айтуынша, бағдарламада көзделгеніндей, егер аймақтар техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттардан тұратын жобаны толық әкелген жағдайда ғана жергілікті жолдарға тең қаржыландыру жасалады делінген.

"5,5 млрд. теңге - өте аз. Өйткені, қазір кейбір облыстар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттарын жасауға жарты миллиардқа дейін қаржы бөлуге дайын. Егер жергілікті билік органдары биыл 10-12 млрд. теңге бөлетін болса, онда, министрлік үшін және министр мен үшін өзіміздің міндеттемемізді орындай алмай қалуымыз ұятты іс болмақ",- деді ол.

Осыған байланысты министр депутаттардан "2007-жылға арналған бюджет туралы" заң жобасын қарау барысында ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің сұранымын қолдап, бюджетте жергілікті жолдарды күрделі жөндеу мен жаңалауға қажетті қаржыны қарастыруды сұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны