30.05.2008, 11:28 2738

Қаржыгерлер әрбір үлестік жобаға арнап жеке банк шотын құруды ұсынады

Қаржыгерлер әрбір үлестік жобаға арнап жеке банк шотын құруды ұсынады

Алматы. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қаржыгерлер әрбір үлестік жобаға арнап жеке банк шотын құруды ұсынады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Казкоммерцбанк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы құрылысқа үлеспен қатысу туралы заңнамаға бірқатар өзгертулерді ұсынады. Олардың біреуі әрбір құрылыс жобасына банкте арнаулы шоты бар жеке жобалық компанияны міндетті түрде құруға қатысты. Үлескерлердің ақшасы мен банк несиелері тек осы шотқа ғана түсіп, тек осы нысанды салуға ғана жұмсалатын болады", - деп мәлімдеді Казкоммерцбанктің қолдау өнімдері департаментінің директоры Сергей Мокроусов.

С. Мокроусовтың айтуынша, "бұл үлескерлердің ақшасы мен банктің несиелік қаржысының мақсатты пайдаланылуын бақылауға жағдай жасайды". Осы орайда оның түсіндіруінше, "Қазақстанда үлескерлерді "Қазына" қаржысының есебінен қолдау бағдарламасының аясында арнаулы шоттар құру тетігі қазір де жұмыс істеуде".

Сондай-ақ, С. Мокроусовтың атап көрсеткеніндей, банктерден бір айырмашылығы, үлескерлерде құрылыс салушы компанияның тәуекелдерін мұқият есептеу және оның төлемдік қабілетін бағалау мүмкіндігі жоқ. Сол себюепті, көбінесе жарнаманы ғана бағдар ететін үлескер мүлдем аз қорғалған, қаржыгерлер осы жайтты заң жүзінде өзгертуді ұсынады.

Сонымен бірге, қаржыгерлер халықаралық тәжірибеге назар аударады. Мәселен, үлескерлердің қаржысымен құрылыс салуды инвестициялық өнім деп атаған олар АҚШ қор нарығының даму тарихын мысалға келтіреді, онда "өткен ғасырдың 20-шы жылдары халық қарқынды өсіп келе жатқан қор нарығына белсенді инвестиция жұмсаған". Халықтың басым бөлігі ол кезде инвестиция жұмсау саласында арнаулы білім игермеген еді. Ал 1929 жылғы дағдарыстан кейін қор нарығын реттеу теріктерін күшейтуге шешім қабылданды.

"1933 жылы құнды қағаздар туралы заңды қабылдағаннан кейін осындай реттеудің заңдық базасы дами бастады, ол қазір де жетілдіріле түсуде, - деді С. Мокроусов.

Осылайша, қаржыгерлер өз қаржысын тұрғын үй нысандарын салуға жұмсап жатқан Қазақстандық инвесторлардың мүддесін де қорғауды ұсынады. "Құрылыс салушы компанияға белгілі бір талаптар қойылуға тиіс, ол талаптар заңмен бекітілуі керек, мысалы, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ең төменгі капитал мөлшеріне қойылатын талаптар", - деп мәлімдеді С. Мокроусов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны