01.10.2009, 13:29 2620

Қаржылық бақылау агенттігі банктердің берешектерін қайта құрылымдау жөніндегі келіссөздер сәтсіз болған жағдайда тұрақтандыру банкін құру мүмкіндігін пайдалануға дайын

Қаржылық бақылау агенттігі банктердің берешектерін қайта құрылымдау жөніндегі келіссөздер сәтсіз болған жағдайда тұрақтандыру банкін құру мүмкіндігін пайдалануға дайын

Астана. 1 октября. Kazakhstan Today - Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі банктердің берешектерін қайта құрылымдау жөніндегі келіссөздер сәтсіз болған жағдайда тұрақтандыру банкін құру мүмкіндігін пайдалануға дайын. Бұл туралы бүгін парламент сенатында журналистерге берген сұхбаты кезінде қандайбір қаржылық институт консервацияланған жағдайда тұрақтандыру банкін құру жөніндегі заң нормасына берген түсініктемесінде Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Елімізде қайта құрылымдау жағдайындағы екі банк бар - бұлар "Альянс" пен "БТА банк". Изірге жағдай жоспарлы шектен шыға қойған жоқ, яғни, біз жорамалдаған кесте бойынша алға жылжуда. Егер әлдеқандай жағдаймен кредиторлар түбегейлі келісімге келе алмаса, яғни, ол реттеушіні қанағаттандырмаса, және банк орта мерзімді перспективада тіршілік қабілеті ие болса, онда реттеуші бұл норманы пайдалануы да әбден мүмкін. Бірақ бұл - біздің көздегеніміз емес, бұл - жай ғана бір құрал", - деді Е. Бахмутова.

"Альянс" пен БТА қайта құрылымдау ахуалында, бірақ "Альянс" қалай дегенмен кесте бойынша жүріп келеді. Ал "БТА банк" бойынша жағдай біршама ұзаққа созылатын түрі бар", - деді ол.

Осы орайда Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы атап өткендей, "тұрақтандыру банкі туралы норма әрдайым болуға тиіс". "Сіздер әлемде не болып жатқанын қадағалап отырсыздар: баршамыздың ең басты түйгеніміз, бірде бір қаржы институты жойылмау үшін әсіре үлкен болмауға тиіс. Бұл дегеніңіз, ондай потенциалдық қатер әрдайым бар екенін білдіреді, бірақ, жүйелі тәуекелді азайта түсу үшін тиісті процедуралар болуы қажет. Қандайбір банк консервациялану немесе жабылу қаупінде болған жағдайда тұрақтандыру банкін құру мүмкіндігі - осындай процедуралардың бірі", - деді Е. Бахмутова.

"Егер ондай қажетітлік туындаса, ол пайдаланылатын болады", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны