07.05.2007, 19:08 2828

Қаржылық бақылау агенттігі мен Ислам даму банкі Қазақстанда номиналдық құны теңгемен ислам құнды қағаздарын шығару мәселесін талқылауда

АЛМАТЫ. 7-мамыр. Kazakhstan Today. ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі мен Ислам даму банкі Қазақстанда номиналдық құны теңгемен ислам құнды қағаздарын шығару мәселесін талқылауда. Бұл туралы бүгін "Қазақстандағы ислам банкингі мен қаржысы" атты баспасөз мәслихаты барысында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі төрағасының орынбасары Ғани Өзбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі мен Ислам даму банкі Қазақстанда номиналдық құны теңгемен ислам құнды қағаздарын шығару мәселесін талқылауда. Егер бұл жүзеге асса, онда Қазақстан Ислам даму банкі ұлттық валютамыз - теңгемен құнды қағаздарын шығаратын Малайзиядан кейінгі екінші ел болмақ",- деді Ғ.Өзбеков. "Еліміздің қаржы нарығында исламдық қаржыландыру көлемін 5- 7 процентке дейін жеткізу мақсаты алға қойылып отыр. Бұл бірінші кезекте қаржылық нарықтың дамуына, сондай-ақ, Қазақстанда қаржылық құралдарды енгізуге оң әсер етпек",- деді ол.

Агенттік төрағасының орынбасары сонымен бірге "Ислам даму банкі еліміздің индустрия және сауда министрлігімен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр" деп хабарлады. "Мәселе Өскемендегі энергетика саласын, нақты айтсақ, AES компаниясын жақсарту мен дамытуды қаржыландыру, инфрақұрылымдық облигациялар шығару жайында болып отыр. Қазір кейбір техникалық жақтары ғана қалды. Біз бұл мәселені тездетіп шешуге тырысамыз",- деді Ғ.Өзбеков. мәселе жуырда шешіледі, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны