02.02.2009, 13:25 1097

Қаржылық бақылау агенттігі "Самұрық-Қазына" қорына "БТА банк" акцияларының 78,14% сатып алуды ұсынуда (толық нұсқасы)

Қаржылық бақылау агенттігі "Самұрық-Қазына" қорына "БТА банк" акцияларының 78,14% сатып алуды ұсынуда (толық нұсқасы)

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігі "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорына "БТА банк" акцияларының 78,14% сатып алуды ұсынуда. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Банкте ірі қатысушының жоқ екендігін, сондай-ақ, банктің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қосымша капитал әкеле алатын түпкілікті бенефициарлық қожайындарының анықталмауын ескере отырып, салымшыларының мүддесін қорғау үшін ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігі жақында қабылданған қаржылық тұрақтылық жөніндегі заңның аясында 1 ақпанда үкіметтен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының "БТА банк" шығарған акцияларды ҚР банк және банк жүйесі туралы заңының 17 және 18 баптарының аясында сатып алуын сұрау туралы қаулы қабылдады. Қаржылық бақылау агенттігі "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп банк капиталын қосымша 251,3 млрд теңгеге ұлғайту жөніндегі қорытындыға қол қойды", - деді Е. Бахмутова.

"Заңнамаға сәйкес, орналастыру құны шешім қабылданған күнгі жағдаймен анықталуға тіис, демек, Қазақстан қор биржасында бүгінгі сауда-саттық ашылған сәтте қалыптасқан бағаға сәйкес бір қарапайым акцияның бағасы 8 401 теңгені құрайды. Демек, аталған бағаға 29 млн 915 мың 425 дана қарапайым акцияны биржаға қосымша шығару керек. Бұл тиісінше, "Самұрық-Қазына" қорының 78,14% үлесінің қалыптасуына алып келеді. Бұл - банкті мемлекеттің иелігіне көшіру болып табылмайды және жүйе құрушы банктің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді мақсат тұтады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны