01.10.2009, 15:08 2810

Қаржылық бақылау агенттігінің төрайымы шетелдік инвесторлардың кірістерінің бір бөлігін Қазақстан банктерінде сақтау жөніндегі үкімет басшысының мәлімдемесін қолдайды

Қаржылық бақылау агенттігінің төрайымы шетелдік инвесторлардың кірістерінің бір бөлігін Қазақстан банктерінде сақтау жөніндегі үкімет басшысының мәлімдемесін қолдайды

Астана. 1 қазан. Kazakhstan Today - Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова шетелдік инвесторлардың кірістерінің бір бөлігін Қазақстан банктерінде сақтау жөніндегі үкімет басшысының мәлімдемесін қолдайды. Бұл туралы ол бүгін парламент сенатында журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен үкімет басшысының бұл бастамасын толық қолдаймын. Бұл жерде ешкім де олар өздерінің бар ақшасын толық Қазақстанда ұстасын деп отырған жоқ. Бірақ олар пайданың басты бөлігін Қазақстан аумағында тауып отырғандықтан, Қазақстанда тапқан пайданың жемісін Қазақстан халқы да тұтынуға тиіс", - деді Е. Бахмутова.

"Бұл олардың салық, еңбекақы секілді бәрібір Қазақстан аумағында жұмсайтын қаржысының бір бөлігі шамамен осы көлемде Қазақстан банктерінде депозиттерде, немесе ағымдағы шоттарда тұрақты сақталса орынды болар еді. Тым құрыса олардың Қазақстан аумағында жұмсайтын көлемі болса", - деді ол.

"Бұл, мәселен, егер шетелдерде болса, ешкімде сұрақ тудырмайтын қалыпты мәселе. Бірақ бізде, не себепті екені белгісіз, шетелдік компаниялардың уақытша бос ресурстарын Қазақстанда ұстауы туралы мәселеде сұрақ туындайды", - деді төрайым.

"Меніңше, инвесторлардың өз кірістерінің бір бөлігін Қазақстан банктерінде сақтау жөніндегі ұйғарымы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің бір құрамды бөлігі болуы қажет, оған қоса қандайбір әкімшілік шараларды да қолдану мүмкіндігі бар, бірақ олар саналы болуға тиіс", - деді Е. Бахмутова.

Осы орайда ол инвесторларды өз кірісінің бір бөлігін Қазақстан банктерінде сақтау қажеттігіне иландыру "аса күрделі мәселе" екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны