25.07.2012, 15:37 2832

KASE "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында брокерлер үшін семинар өткізеді

"Қазіргі кезде біз "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында брокерлер үшін жаңадан енгізілген техникалық мәселелер жөніндегі семинар өткізуге дайындалудамыз. Семинар шілде айының соңында өткізіледі", - делінген хабарламада.

"Қазақстанның қор биржасы" "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында брокерлер үшін жаңадан енгізілген техникалық мәселелер жөніндегі семинар өткізеді, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

"Қазіргі кезде біз "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында брокерлер үшін жаңадан енгізілген техникалық мәселелер жөніндегі семинар өткізуге дайындалудамыз. Семинар шілде айының соңында өткізіледі", - делінген хабарламада.

Биржа "Халықтық IPO" бағдарламасын дайындау шеңберінде биржа эмитенттері мен және басқа да кәсіби қауымдастықтар өкілдерімен белсенді түрде қарым-қатынас жасайды.

Нарық қорының басқа да сұрақтарына байланысты дөңгелек үстелдер мен әртүрлі кездесулер тұрақты өткізіліп отырады, жаңа құралдарды, технологиялар мен құжаттарды әзірлеп, енгізуімен байланысты эмитенттер мен кәсіби қатысушыларға білім беру және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.

"Қазіргі кезде KASE сайты қаржы нарығында анағұрлым көп сұранысқа ие, сондықтан эмитенттерді ақпаратпен қамту кең көлемде жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап IPO-ға шығатын компанияларға биржаның листингтік бағдарламасында қарастырылғандай, арнайы ақпараттық қолдау көрсетіледі.

"Қазақстанның қор биржасы" АҚ "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында акция сатып алуға өтінімдер қабылдап, өтінімдер кітабын құрастырады, Орталық депозитарийге биржаның сауда жүйесінде құнды қағаздар сатып алу үшін жасалған мәмілелер туралы ақпарат жібереді. Сондай-ақ, KASE инвесторлар мен эмитенттерге ақпараттық қолдау жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны