22.01.2016, 16:37 4861

KASE күндізгі сессиясы: бір доллар - 382,87 теӊге

KASE күндізгі сессиясында доллар құны қайтадан көтеріліп, 382,87 теӊгеге жетті

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - KASE күндізгі сессиясында доллар құны қайтадан көтеріліп, 382,87 теӊгеге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

KASE күндізгі сессиясы: USDKZT_TOD = 382,87, RUBKZT_TOD = 4,6936, USDKZT_0_001 = +0,8000 ( (жылдық 25,71 %)

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтыӊ қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теӊгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 382,87 теӊгені құрады, сауда-саттық көлемі 64 300 мыӊ АҚШ доллары;

- есептесуі T+1 және Т+2 теӊгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теӊгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теӊгемен Ресей рублініӊ (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6936 теӊгені құрады, сауда-саттық көлемі 76 700 мыӊ рубль болды.

Таӊертеӊгілік және күндізгі сессияныӊ қорытындысы бойынша АҚШ долларыныӊ орташа сараланған бағамы бір долларға 381,16 теӊгені (-2,75) құрады, сауда-саттықтыӊ жиынтық көлемі - 149 350 мыӊ USD (+22 550 мыӊ).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,8000 тенге (жылдық 40,16 %), сауда-саттық көлемі 1 074 600 мыӊ USD құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны