21.01.2016, 16:07 4469

KASE күндізгі сессиясы: доллар 384,48 теӊгеге дейін көтерілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Оныӊ қорытындысы бойынша доллар құны 384,48 теӊгені құрады

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Оныӊ қорытындысы бойынша доллар құны 384,48 теӊгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

KASE күндізгі сессиясы: USDKZT_TOD = 384,48, RUBKZT_TOD = 4,5713, USDKZT_0_001 = +0,3200 (жылдық 30,38 %), деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтыӊ қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теӊгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 384,48 теӊгені құрады, сауда-саттық көлемі - 69 050 мыӊ АҚШ доллары;

- есептесуі T+1 және Т+2 теӊгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теӊгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теӊгемен Ресей рублініӊ (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,5713 теӊгені құрады, сауда-саттық көлемі 76 700 мыӊ рубль болды.

Таӊертеӊгілік және күндізгі сессияныӊ қорытындысы бойынша АҚШ долларыныӊ орташа сараланған бағамы бір долларға 383,91 теӊгені құрады, сауда-саттықтыӊ жиынтық көлемі - 76 700 мыӊ USD.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,3200 тенге (жылдық 30,38 %), сауда-саттық көлемі 840 500 мыӊ USD құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны