18.01.2016, 16:21 4176

KASE күндізгі сессиясы: доллар бағамы - 376,88 теӊге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDKZT_0_001 және USDKZT_0_002 сауда-саттық құралдарымен АҚШ-та 18 қаӊтар (Мартин Лютер Кинг Күні) мереке күні болғандықтан, сауда-саттық өткізілген жоқ

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - KASE күндізгі сессиясыныӊ қорытындысы бойынша доллар бағамы 376,88 теӊгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

KASE күндізгі сессиясы: USDKZT_TOM = 376,88, EURKZT_TOD = 411,75, RUBKZT_TOD = 4,8006

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін Қазақстан қор биржасында USDKZT_TOD, EURUSD_TOD, USDKZT_0_001 және USDKZT_0_002 сауда-саттық құралдарымен АҚШ-та 18 қаӊтар (Мартин Лютер Кинг Күні) мереке күні болғандықтан, сауда-саттық өткізілген жоқ, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтыӊ қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+1 теӊгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOM) орташа сараланған бағамы 376,88 теӊгені құрады, сауда-саттық көлемі 54 600 мыӊ АҚШ доллары;

- есептесуі T+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теӊгемен еуро бойынша (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 411,75 теӊгені құрады, сауда-саттық көлемі 800 мыӊ еуро;

- есептесуі T+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теӊгемен Ресей рублініӊ (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,8006 теӊгені құрады, сауда-саттық көлемі 119 000 мыӊ рубль болды.

Таӊертеӊгілік және күндізгі сессияныӊ қорытындысы бойынша АҚШ долларыныӊ орташа сараланған бағамы бір долларға 374,31 теӊгені (+13,41) құрады, сауда-саттықтыӊ жиынтық көлемі - 136 000 мыӊ USD (+52 200 мыӊ).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_1_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны