25.01.2016, 16:45 5252

KASE күндізгі сессиясы: доллар құны - 373,21 теӊге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - KASE күндізгі сауда-саттығында доллар құны 373,21 теӊгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

KASE күндізгі сессиясы: KASE: USDKZT_TOD = 373,21, RUBKZT_TOD = 4,7773, USDKZT_0_001 = +0,3100 (жылдық 30,35 %)

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтыӊ қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теӊгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 373,21 теӊгені құрады, сауда-саттық көлемі 57 850 мыӊ АҚШ доллары;

- есептесуі T+1 және Т+2 теӊгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теӊгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теӊгемен Ресей рублініӊ (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,7773 теӊгені құрады, сауда-саттық көлемі 130 000 мыӊ рубль болды.

Таӊертеӊгілік және күндізгі сессияныӊ қорытындысы бойынша АҚШ долларыныӊ орташа сараланған бағамы бір долларға 372,89 теӊгені (-8,27) құрады, сауда-саттықтыӊ жиынтық көлемі - 259 150 мыӊ USD (+109 800 мыӊ).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,3100 теӊге (жылдық 30,35 %), сауда-саттық көлемі 857 100 мыӊ USD құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны