03.10.2012, 15:58 3002

Қашаған кен орнын коммерциялық тұрғыда игеру жұмыстары 2013 жылға белгіленді

Қашаған кен орнында коммерциялық тұрғыда мұнай шығару, оны өңдеу жұмыстары 2013 жылдың наурыз айына белгіленді. Ол туралы ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев "KazEnergy" форумында мәлімдеді.

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - Қашаған кен орнын коммерциялық тұрғыда игеру жұмыстары 2013 жылға белгіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қашаған кен орнында коммерциялық тұрғыда мұнай шығару, оны өңдеу жұмыстары 2013 жылдың наурыз айына белгіленді. Ол туралы ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев "KazEnergy" форумында мәлімдеді.

Жобаны игеретін консорциумның арнайы келісімге негізделген міндеті бар. Сонымен қатар, министр Қашаған кен орнындағы жобаның екінші кезеңі саналатын, өндіру жұмыстарын кеңейту мәселесін де қозғады. Жоба Үкімет бақылауында болады. Ийтсе де, соңғы шешімді консорциумның өзі қабылдайды. Оны бекіту үшін алдымен қажетті құжатты консорциум министрлікке тапсырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны