01.07.2013, 09:54 5650

Қашаған жобасын аяқтауға тағы 250 млрд доллар қажет - Ұлыбритания премьері

Солтүстік Каспий жобасының қатысушылары Қашаған кенішін игеруге 40-50 млрд доллар қаржы жұмсады. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мәлім етті.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today - Қашаған жобасын аяқтауға тағы 250 млрд доллар қажет - Ұлыбритания премьері, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Солтүстік Каспий жобасының қатысушылары Қашаған кенішін игеруге 40-50 млрд доллар қаржы жұмсады. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мәлім етті.

"Бұл тек эксперименталды саты ғана. Біздің есебіміз бойынша, жобаны аяқтау үшін 4-5 есе көп қаржы қажет", - деді ол дүйсенбі күні қазақ-британ бизнес форумында.

"Мен ынтымақтастығымызды нығайтып, әрі қарай да бірлесе жұмыс жасауды ұсынғым келеді. Солтүстік теңіздегі британдық компаниялардың тәжірибесін Қазақстандағы серіктестер Каспийде пайдаланса, біз осы жобаның жемісін көрсек деген тілегіміз бар", - деді Д.Кэмерон.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны