11.02.2015, 14:10 4019

Қашағанда 2016 жылдыӊ екінші жартысында коммерциялық мұнай өндіруді жаӊарту бойынша жоспарлар сақталды - В.Школьник

Қашаған ірі кен орнында мұнай өндіруді 2016 жылдыӊ екінші жартысында іске қосу бойынша жоспарлар өз күшінде, деп мәлімдеді Елбасыныӊ қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында ҚР энергетика министрі Владимир Школьник

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Қашаған ірі кен орнында мұнай өндіруді 2016 жылдыӊ екінші жартысында іске қосу бойынша жоспарлар өз күшінде, деп мәлімдеді Елбасыныӊ қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында ҚР энергетика министрі Владимир Школьник, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қашағандағы жаӊартылған коммерциялық мұнайдыӊ өндірілуі 2016 жылдыӊ екінші жартысында басталады деген жоба жөніндегі барлық мәселелерді реттеу бойынша келісімге өткен жылдыӊ желтоқсанында қол қойылды", - деді В. Школьник, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол ҚР мұнай экспортыныӊ көлемі, оныӊ ішінде КҚК негізгі экспорттық жүйесі бойынша 2014 жылы 62 млн тоннаны құрағанын атап өтті.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, 2016 жылға дейін КҚК-ын 67 млн тоннаға дейін кеӊейту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ол ТШО биылғы жылы 26,7 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлағанын, ағымдағы жылы аталған жобаны кеӊейту бойынша шешім қабылдануы тиіс екенін айтты.

"Бұл бізге мұнай өндіруді 38 млн тоннаға жеткізуге және құрылыс кезінде 20 мыӊ жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді", - деді энергетика министрі.

Алдында ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин "қолайлы жағдайда кен орнында өндіру 2016 жылдыӊ бірінші жартысы, ал екінші нұсқа бойынша газ құбыры құрылысыныӊ толық аяқталуын ескергенде - 2016 жылдыӊ екінші жартысы" деген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны