14.06.2016, 14:51 5859

Қашағанда мұнай өндіру 2016 жылдыӊ қазанында іске қосылуы тиіс - К.Мәсімов

Бүгін селекторлық режімде өткен ҚР Үкіметініӊ кезекті отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Энергетика министрлігіне және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-на мұнай өндіру және "Қашаған" кен орнын іске қосуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді

Астана. 14 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін селекторлық режімде өткен ҚР Үкіметініӊ кезекті отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Энергетика министрлігіне және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-на мұнай өндіру және "Қашаған" кен орнын іске қосуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мұнай өндіру мәселесі бойынша - энергетика министріне және "ҚазМұнайГазға" тапсырма: сіздер мұнай өндіру көлемініӊ 74 млн жоспардан 75 млн тоннаға дейін арттыруды қамтамасыз етулеріӊіз қажет. Осы тапсырмалар орындалуы үшін іс-шаралар өткізу керек", - деді К.Мәсімов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

"Сондай-ақ жеке сіздіӊ және "ҚазМұнайГаздыӊ" алдында 2016 жылдыӊ қазан айында Қашағанда мұнай өндіруді бастау туралы міндет тұр. Сондықтан, Консорциуммен бірге барлығын логикалық соӊына жеткізіп, Қашағанды қазан айында іске қосу қажет", - деген тапсырма берді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша бірқатар тапсырмалар мұнай өӊдеу зауыттарын жоспарлы жөндеу және жаӊғырту мерзімдеріне, сондай-ақ ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін энергия нысандарында отын қауіпсіздігі нормативтерін жасау туралы мәселеге қатысты болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны