13.10.2016, 10:53 4424

Қашағанда тәулігіне шамамен 90 мыӊ баррель мұнай өндірілуде

"Қашағанда бәрі ретімен жүргізіліп жатыр. Өндіру басталып қана қойған жоқ, мен бүгін төрт ұӊғымада өндіріс белсенді жүріп жатқанын көрдім, тәулігіне шамамен 90 мыӊ баррель. Енді мұнай кезеӊ-кезеӊімен "ҚазТрансОйл" резервтерінде жиналатын болады, және алдағы уақытта оператор алғашқы экспорттық келісімшарттар туралы хабарлайды", - деді министр.

Астана. 13 қазан. Kazakhstan Today - ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі пленарлық отырыстан кейін Қашаған кен орнынан "ҚазТрансОйл" резервіне мұнай жіберіле бастағанын хабарлады.

"Қашағанда бәрі ретімен жүргізіліп жатыр. Өндіру басталып қана қойған жоқ, мен бүгін төрт ұӊғымада өндіріс белсенді жүріп жатқанын көрдім, тәулігіне шамамен 90 мыӊ баррель. Енді мұнай кезеӊ-кезеӊімен "ҚазТрансОйл" резервтерінде жиналатын болады, және алдағы уақытта оператор алғашқы экспорттық келісімшарттар туралы хабарлайды", - деді министр.

Қ. Бозымбаев, сондай-ақ, "Болашақ" мұнай өӊдеу зауытыныӊ да жұмыс істеп тұрғандығын айтты.

"Болашақ" жұмыс істеп тұр. Оны қалпына келтіру жалғасып жатыр, себебі қондырғыныӊ барлық түрі әлі жүктеліп жатыр. Бірақ сауда мұнайы Болашақ зауытынан шықты, тазартылған және бүгінгі күні "ҚазТрансОйл" резервіне құйылып жатыр", - деді Қ. Бозымбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны