21.10.2008, 19:24 3182

Кәсіпкерлер Алматыдағы жер телімдерінің бағасының базалық мөлшерлемесін төмендетуді ұсынады

Кәсіпкерлер Алматыдағы жер телімдерінің бағасының базалық мөлшерлемесін төмендетуді ұсынады

Алматы. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Кәсіпкерлер Алматыдағы жер телімдерінің бағасының базалық мөлшерлемесін төмендетуді ұсынады. Бұл туралы Алматы қаласының 2008 жылдың 9 айы ішінде әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары бойынша өткізген кеңесте Қазақстан Кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз жердің құнын 1 шаршы метрі үшін 4800-ден 1000 теңгеге дейін 1,5 коэффициентімен төмендетуді ұсынамыз. Ол үшін үкіметтің шешімі қажет екенін түсінеміз. Бірақ біз бұл бастамаға лобби жасауға тиіспіз деп ойлаймын. Кәсіпкерлер қала әкімінің атына осындай хат жазды", - деді Р. Баталов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны