14.04.2014, 19:20 3137

Кәсіпкерлер үшін көктемгі егісті несиелеу мәселелеріне арналған ақпараттық желі қызмет етуде

Кез келген шаруа 8 800 080 70 80 тегін нөміріне қоңырау шалып, "ҚазАгро" холдингісінің еншілес компаниялары арқылы көктемгі егіске несие алу шарттарымен танысып, "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы дақылдарды егуге арналған техниканы лизингке алу ережелерінен хабардар бола алады, деп холдингтен хабарлады.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. "Қазагромаркетинг" АҚ-ның негізінде көктемгі егіс жұмыстарын несиелеу мәселелеріне арналған ақпараттық желі жұмыс істеуде.

Кез келген шаруа 8 800 080 70 80 тегін нөміріне қоңырау шалып, "ҚазАгро" холдингісінің еншілес компаниялары - "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ мен "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" АҚ арқылы көктемгі егіске несие алу шарттарымен танысып, "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы дақылдарды егуге арналған техниканы лизингке алу ережелерінен хабардар бола алады, деп холдингтен хабарлады.

Call-орталық операторлары әрбір несиелеу бағдарламасының ерекшеліктерін түсіндіріп, ыңғайлы қаржылық құрал жөнінде кеңес беруі - желінің бірден бір артықшылығы болып табылады.

Сонымен қатар хабарласушылар көктемгі егіске қажетті материалдық-техникалық ресурстарды (тұқым, агрохимия, техника мен құрал-жабдықтар, жанар-жағармай) сатушы компаниялар жөнінде де ақпарат ала алады.

Оның үстіне сall-орталыққа хабарласып, көктемгі егісті жүргізуге қатысты отандық ғалымдардың ұсыныс-кеңестерін білуге де мүмкіндік қарастырылған.

Естеріңізге салатын болсақ, "Қазагромаркетинг" АҚ-ның сall-орталығы 2008 жылы құрылған.

Айта кетерлігі, Ұлттық холдингтен егіс жұмыстарына бөлінген қаражат 6,1 млн. га жерде агротехникалық шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны