15.11.2017, 19:51 4399

Кәсіпкерлерге абайсызда құқық бұзғаны үшін айыппұл салынбайды

Заӊ жобасыныӊ қабылдануына орай, егер әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалса немесе құқық бұзушылықтыӊ маӊызы шамалы болып, мемлекеттіӊ бюджетіне елеулі зиян тигізбесе, мемлекеттік органдар мен судьялар кәсіпкерлерге ауызша ескерту жасаумен шектеліп, әкімшілік жауапқа тартапауына болады.

Алматы. 15 қараша. Kazakhstan Today - Мәжіліс маӊызы шамалы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату институтын қайтаруды мақұлдады.

13 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінде "ҚР Икімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы бойынша жұмыс тобыныӊ отырысы аясында депутаттар маӊызы шамалы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату институтын қайтаруды мақұлдады.

Заӊ жобасын келісу барысында Парламент Мәжілісініӊ қабырғасында мемлекеттік кей органдар аталған институтты енгізуге қолдау көрсетпеген еді. Мұнымен қоса ҚР Бас прокуратурасы жауапкершіліктен босату институтын қолдануды айтарлықтай шектеуді ұсынған еді. "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы болды.

Дегенмен, қарқынды әрі ұзақ талқылаудан кейін депутаттар маӊызы шамалы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату институтын енгізуге қолдау білдірді. Кәсіпкерлердіӊ жанайқайы жоғары деӊгейде естілді.

Заӊ жобасыныӊ қабылдануына орай, егер әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалса немесе құқық бұзушылықтыӊ маӊызы шамалы болып, мемлекеттіӊ бюджетіне елеулі зиян тигізбесе, мемлекеттік органдар мен судьялар кәсіпкерлерге ауызша ескерту жасаумен шектеліп, әкімшілік жауапқа тартпауына болады.

Атап өтсек, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсақ та абайсызда жасалған әрекет үшін өте үлкен сомада айыппұл салынғаны туралы өтінімдер мен шағымдар түсті. Мысалы, көптеген есеп, ақпарат, статистикалық мәліметтерді 1-2 күнге кешіктіріп өткізгені үшін, 1-2000 теӊге аралығындағы соманы бюджетке төлемегені үшін (абайсызда төленбеген) немесе заӊнаманыӊ өзге де формальды талаптарын бұзғаны үшін қомақты айыппұл салынып келген.

Адал кәсіпкерлер үшін маӊызы жоғары еместігі үшін жазаламау институтын енгізудіӊ рөлі жоғары. Бұл елімізде кәсіпкерліктіӊ дамуына оӊ ықпал етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны