06.07.2011, 13:06 4051

Кәсіподақтар санаторий-курорттық емдеуді дотациялау көлемін арттыратын болды

"Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің "Парасат" кәсіподағы қызметкерлерді әлеуметтік қолдауды әрқашан өзінің бірінші кезектегі міндеті санайды. Сондықтан, 1 шілдеден бастап айлық жалақының 30 пайызға арттырылғанын кәсіподағымыздың мүшелері үлкен ықыласпен қабылдады", - деді Т. Мекебаев.

Алматы. 6 шілде. Kazakhstan Today - Кәсіподақтар санаторий-курорттық емдеуді дотациялау көлемін арттыратын болды, деп мәлімдеді Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің "Парасат" кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің "Парасат" кәсіподағы қызметкерлерді әлеуметтік қолдауды әрқашан өзінің бірінші кезектегі міндеті санайды. Сондықтан, 1 шілдеден бастап айлық жалақының 30 пайызға арттырылғанын кәсіподағымыздың мүшелері үлкен ықыласпен қабылдады", - деді Т. Мекебаев.

Сонымен қатар, кәсіподақ басшысы жоғары оқу орындарының қызметкерлері үшін жаз мезгілі демалыс уақыты екендігін де еске салды. Демек, ҚазҰУ қызметкерлері өз демалыстарын ойлағандарынан да жақсы өткізе алады. "Өз кезегінде кәсіподақ жарнасының түсімі артатынын ескере отырып, санаторий-курорттық дотациялауға, балалардың жазғы лагерлерде демалуына, табиғатқа аясына жасалатын саяхаттардың санын арттыруға бұрынғыдан да көп қаражат бөлуге мүмкіндік алды", - деп мәлімдеді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны