01.07.2011, 18:54 4088

Каспий құбыр желісі жүйесін кеңейту жұмыстары басталды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін "Атырау" мұнай айдау станциясында Каспий құбыр желісі жүйесін кеңейту жобасының басталуына арналған салтанатты рәсім өткен.

Алматы. 1- шілде. Kazakhstan Today - Каспий құбыр желісі жүйесін кеңейту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін "Атырау" мұнай айдау станциясында Каспий құбыр желісі жүйесін кеңейту жобасының басталуына арналған салтанатты рәсім өткен.

Консорциумның бас директоры Николай Платонов мердігер құрылыс ұйымдарының өкілдеріне олардың жұмысқа әзірліктерін қуаттайтын және жобаны бастауға рұқсат беретін сертификаттар табыс етті.

Салтанатты рәсімде Қазақстанның Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, Ресей Федерациясының Энергетика министрі Сергей Шматко, "Транснефть" ұлттық компаниясының өкілі Николай Токарев, консорциум акионерлерінің өкілдері сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде Ресей мен Қазақстанның мемлекетаралық қарым-қатынасын әрі қарай дамыту үшін де, дүниежүзі бойынша энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін де КТК желісін кеңейтудің маңызы зор екенін атап көрсетті.

Жоба жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстанның "Теңіз" кеніші мен Ресейдің Новороссийск айлағын байланыстырып отырған құбыр желісінің жылдық өткізу қуаты 67 миллион тоннаға жететін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны