22.05.2006, 16:27 3240

Каспий теңізінің құқықтық мәребесін айқындамай және сол маңдағы барлық елдердің келісімін алмай тұрып теңіздің түбі арқылы құбыр тарту орынсыз – Қазақстандағы Иран елшісі

АЛМАТЫ. 22-мамыр. Kazakhstan Today. Каспий теңізінің құқықтық мәребесін айқындамай және сол маңдағы барлық елдердің келісімін алмай тұрып теңіздің түбі арқылы құбыр тарту орынсыз. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Республикасындағы Иран елшісі Ромин Мехмонпараст пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Біріншіден құқықтық режимге қатысты мәселені шешу қажет, екіншіден мұндай жобалар үшін Каспийді қоршай орналасқан барлық елдердің келісімін алу керек, үшіншіден, барлығымыз да қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарды орындауға тиіспіз. Осындай үш мәселе шешілмеуге байланысты біз жоғарыдағы іспеттес әңгіме қозғау орынсыз деп мәлімдедік”,- деді ол.

“Каспий теңізінің құқықтық мәребесіне қатысты мәселенің маңызы зор. Бұл мәселе тез шешілсе, баршамызға жақсы екеніне біз кәміл сенеміз. Осынау құқықтық құжаттың негізінде Каспийдің мүмкіндіктерін пайдалану түрі мен теңіздің табанын пайдалану туралы ашық айтылады. Каспий маңындағы мемлекеттердің барлығы да бұл мәселені тез арада шешуге талпынып отыр”,- деді елші.

Сонымен бірге Иран елшісінің пікірінше, тағы бір маңызды мәселе – Каспийдегі қоршаған ортаны қорғау болып табылады. “Теңіздің түбімен құбыр тарту секілді жоблаар осынау бірегей су қоймасының экологиялық жүйесіне ұлығаусар зиян келтіреді. Белгілі ақпаратқа сәйкес, өкінішке орай, Каспийге мұнай төгілу оқиғалары тіркеліп отыр”,- деді Р.Мехмонпараст.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны