30.05.2008, 13:25 2893

Каспийдің энергетикалық хабы Ақтауда 2009 жылдың көктемінде құрыла бастайды

Каспийдің энергетикалық хабы Ақтауда 2009 жылдың көктемінде құрыла бастайды

Ақтау. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Каспийдің энергетикалық хабы 2009 жылдың көктемінде Ақтауда құрыла бастайды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев "VI Халықаралық Надиров оқулары" атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференция қатысушылары алдында сөз сөйлеген кезде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Өңірдің әкімі еске салғанындай, биылғы жылдың 18 мамырында Мысырдың Шарм Иль Шейх қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Таяу Шығыс жөніндегі Илемдік экономикалық форумында "Каспий энергетикалық хабы" жобасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық келісімге қол қойылды.

"Қазына" тұрақты даму қоры АҚ, "Самұрық" ұлттық активтерді басқару жөніндегі Қазақстанның мемлекеттік холдингі, PFC Energy халықаралық консалтингтік компаниясы, Gulf Finance House инвестициялық компаниясы, "Маңғыстау" инвестициялық компаниялары арасында келісімге қол қойылды.

Биылғы жылдың сәуір айында бұл компаниялар арасында түсіністік туралы меморандумына қол қойылды.

Қ. Көшербаев атап өткеніндей, Каспий энергетикалық хабы энергетикалық саланы одан әрі дамуына қажетті қызмет пен салалардың кластерін құратын болады. Оның аймағында мұнайгаз және сервистік компанияларына арналған жоғары дәрежелі өндірістік инфрақұрылым, халықаралық деңгейдегі техникалық университет, мамандандырылған зертханалар, геофизикалық деректерді анықтайтын орталық, қоршаған орта мен мемлекеттің қауіпсіздігіне байланысты туындайтын дағдарыс жағдайын басқаратын орталық құрылады.

Сондай-ақ, Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібі жөніндегі деректерді сақтайтын электрондық кітапхана, техникалық ғылыми зерттеу орталығы, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған заманауи инфрақұрылымдар мен телекоммуникациялар болады.

"Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы инфрақұрылымдардың дамуына қомақты мөлшерде шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік пайда болып, Ақтауда жаңа жұмыс орындары ашылып, іскерлік қарқындылық жандандырылады. Бұл Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес келеді ", -деп атап өтті облыс әкімі.

Ол атап өткеніндей, халықаралық техникалық университетінде дәріс беретін жетекші мамандар шетелдік жоғары оқу орындарынан шақырылады деп жоспарланған, бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді.

Ол түсіндіргеніндей, энегетикалық хаб Каспий маңындағы кеңістігінде мұнайгаз секторының толыққанды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді Сондай-ақ, Каспийдің барлық өңірін, Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібіне қажетті коммерциялық, техникалық және адам ресурстарымен қамтамасыз етеді.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Каспий энергетикалық хабы экономикалық даму жобасы болып табылады, оның басты мақсаты -аймақтың мұнайгаз индустриясының, техникалық, коммерциялық тұтынуына жауап беретін және толық қызмет көрсететін энергетикалық кәсіпорынға айналу.

Каспий энергетикалық орталық заманауи ең соңғы технологиялармен шығарылған құрал -жабдықтармен жабдықталатын болады. Жобаны жүзеге асыру үшін $10 млрд астам қаржы жұмсалады. Жоба үш-бес жыл ішінде аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны