14.05.2018, 11:51 4109

Катар холдингі Қазақстанға инвестиция құюға дайын

Катар кәсіпкерлері қауымдастығыныӊ төрағасы Шейх Фейсал бен Касим әл-Тани Катар кәсіпкерлеріне Қазақстанды инвестиция құюға қолайлы мемлекет ретінде ұсынатынын жеткізді. Шейхтіӊ сөзінше, көрші мемлекеттердіӊ Катарға қатысты енгізген эмбаргосына байланысты ел экономикалық ынтымақтастыққа, әсіресе көлік-логистика саласында жаӊа мүмкіндіктер іздейді.

Астана. 14 мамыр. Kazakhstan Today - "Самрұқ-Қазына"ҰИҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Аль-Фейсал Холдигі" Директорлары кеӊесініӊ төрағасы Фейсал бен Касим бен Фейсал әл-Тани шейхпен кездесті. Кездесу барысында екі ел басшыларыныӊ жеке кездесуі кезінде қол жеткізген келісімге сәйкес Қордыӊ қоржындық компаниялары мен Катар компаниялары арасындағы ынтымақтастықтыӊ болашағы талқыланды.

Ахметжан Есімов Елбасы "Самұрық-Қазына" АҚ-ныӊ 2018-2028 жылдарға арналған жаӊа даму стратегиясын бекіткенін және осыған сәйкес Жекешелендіру бағдарламасыныӊ ауқымды іске асырылуы жалғасып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, бірлескен кәсіпорындар құру Қор қызметініӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі болып саналады. Фейсал бен Касим Ил-Тани шейх өз кезегінде Қор төрағасына жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдіріп, 2015 жылы ҚР Президенті Доха қаласына іс-сапармен барғанда Астана шақырғаны үшін ризашылығын жеткізді.

Катар кәсіпкерлері қауымдастығыныӊ төрағасы Шейх Фейсал бен Касим әл-Тани Катар кәсіпкерлеріне Қазақстанды инвестиция құюға қолайлы мемлекет ретінде ұсынатынын жеткізді. Шейхтіӊ сөзінше, көрші мемлекеттердіӊ Катарға қатысты енгізген эмбаргосына байланысты ел экономикалық ынтымақтастыққа, әсіресе көлік-логистика саласында жаӊа мүмкіндіктер іздейді.

Кездесу соӊында Ахметжан Есімов Қор компаниялар тобыныӊ құрамына ірі көлік кәсіпорындары кіретіндігін жеткізіп, Холдингпен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Анықтама:

1964 жылы құрылған Аль-Фейсал Холдингі (Al Faisal Holding) Катардағы еӊ ірі жеке холдинг және Таяу Шығыстағы жетекші коммерциялық құрылымдардыӊ бірі болып табылады. Холдингтіӊ нарықтағы капитализациясы шамамен 100 млрд. АҚШ долларына бағаланады. "Ил-Фейсал" холдингі ел экономикасын дамытуда маӊызды рөл атқарады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны