10.05.2018, 20:50 4107

Катардыӊ ірі девелопері Алматыға инвестиция салу мүмкіндігін зерттеуде

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Катар бизнесмендері Ассоциациясыныӊ төрағасы, "Фейсал Холдинг" компаниясыныӊ басқарма басшысы Шейх Фейсал Бен Касим Аль-Танимен кездесті. Тараптар мейманхана бизнесі саласындағы екіжақты инвестициялық байланысты дамыту, туризм, құрылыс және басқа да мәселелерді талқылады.

Алматы. 10 мамыр. Kazakhstan Today -Алматы әкімі Бауыржан Байбек Катар бизнесмендері Ассоциациясыныӊ төрағасы, "Фейсал Холдинг" компаниясыныӊ басқарма басшысы Шейх Фейсал Бен Касим Аль-Танимен кездесті. Тараптар мейманхана бизнесі саласындағы екіжақты инвестициялық байланысты дамыту, туризм, құрылыс және басқа да мәселелерді талқылады.

"Al Faisal Holding" - Катардыӊ ірі жеке холдингі, ел экономикасын дамытуда басты рөл атқарады және Таяу Шығыстағы жетекші коммерциялық құрылым болып табылады.

Катар делегациясы Алматыныӊ негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен, туризм саласына, инфрақұрылымды дамытуға қатысты жобалармен, Алатау ауданындағы Индустриялық аймақ пен Арнайы экономикалық аймақтыӊ әлеуеттерімен танысты.

"Алматы жедел дамып келе жатқан мегаполис, мұнда инвестиция үшін мүмкіндіктер үлкен. Қала тау етегіне орналасқан, ғажап климат, ерекше мәдениет, сондықтан біз үшін туризм мен жылжымайтын мүлік саласы қызығушылық туғызады. Алматыдан соӊ біз әріптестерімізбен бірге Астанаға барамыз, сапар қорытындысынан соӊ нақтылы келісімдерге қолжеткіземіз деген сенімдеміз", - деп атап өтті Шейх Фейсал Бен Касим Аль-Тани.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны