18.10.2011, 15:14 3660

КАТКО 2012 жылдан бастап уран шығару көлемін 4 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр

<үгін АРЕВА компаниясының президенті Люк Урсель және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысындағы КАТКО қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны игеріп жатқан Төртқұдық тау-кен учаскесінде болды.

Астана. 18-қазан. Kazakhstan Today - КАТКО 2012 жылдан бастап уран шығару көлемін 4 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін АРЕВА компаниясының президенті Люк Урсель және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысындағы КАТКО қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны игеріп жатқан Төртқұдық тау-кен учаскесінде болды.

КАТКО қызметкерлері алдында сөйлеген сөзінде Л. Урсель "Қазатомөнеркәсіп" компаниясымен арадағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы әңгімеледі. Сондай-ақ 2012 жылдан бастап өнім өндіру көлемін 4000 тоннаға дейін жеткізу мақсатында кәсіпорынның өнеркәсіптік дамуын сәтті жүргізуге тілектестігін білдірді.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстандағы ірі уран кенішін аралау Люк Урсельдің елімізге жасаған сапары аясында жүзеге асырылды. Мәртебелі қонақ бұған дейін Астанада Қазақстан Үкіметінің жоғары лауазымды өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізген болатын.

Жалпы қазіргі кезде КАТКО компаниясы жылына 3300 тоннадан астам өнім беретін әлемдегі уран өндіруші жетекші ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. "КАТКО БК" ЖШС-і Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорны 1996 жылы құрылған болатын. Оның басты мақсаты - Шымкенттен солтүстікке қарай 250 шақырымдай жерде орналасқан Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарын игеру және уран өндіру жұмыстарын жүргізу. Бүгінгі таңда онда 1170 адам жұмыс жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны