17.09.2008, 15:46 3018

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру көлемі бойынша Қазақстан әлемде 13-ші орынды иемденеді - Жарменов

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру көлемі бойынша Қазақстан әлемде 13-ші орынды иемденеді - Жарменов

Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қатты пайдалы қазбаларды өндіру көлемі бойынша Қазақстан әлемде 13-ші орынды иемденеді. Бұл туралы "Қазақстан Республикасының шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" РМК бас директоры, ҰҒА академигі Ибдірасыл Жарменов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан өз аумағы бойынша әлемде 9-шы орын, қатты пайдалы қазбаларды өндіру көлемі бойынша 13-ші орынды иемденеді", - деді И. Жарменов. "Бүгінде тау-кен-металлургиялық кәсіпорындарында пайдаланылып отырған технологиялардың деңгейіне қарай да Қазақстан артта қалған елдердің санатына қосылмайды, өндірісте мейлінше озық технологиялар мен техникаларды қолданады",- деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан бүгінде "металлургияның белгілі бір салаларында шетелдерге технологиялар беруші ел болып табылады". "Илемдегі ең соңғы қорғасын зауыттарының бәрі Қазақстан технолгиясына сай құрылған. Бұл Канада, Италия, Боливия мен Бразилиядағы зауыттар. Қазір Қытайда бірнеше зауыт салына бастады. Ресейдегі мырыш зауыттары Қазақстан ғалымдарының технологиялары бойынша салынған", -деді И.Жарменов.

Бірақ, И. Жарменовтың айтуынша, еліміздің тау-кен-металлургиялық кешенін мемлекет тарапынан реттеу мәселесі "қазір жаңадан туабітті жағдайда". Атап айтмақ, мемлекет өнімді технологиялық алу мен экологиялық нормативтерді дамытуға жеткілікті көңіл бөле алмай отыр.

И. Жарменовтың мәліметінше, "дамыған елдерде өзіндік құнның құрылымында экологияны сақтауға бағытталған шығындар 20% болса, Қазақстанда бір де кәсіпорында ол 1%-дан аспайды". "Егер шетелдерде 1 тонна күкірт қышқылын тастағаны үшін кем дегенде $100 төленсе, елімізде ол 7 центке тең", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны