30.04.2015, 21:42 5599

KAZ MINERALS 2015 ЖЫЛДЫӉ БІРІНШІ ТОҚСАНЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

2015 жылдыӊ бірінші тоқсаныныӊ қорытындысы бойынша KAZ Minerals Тобы 19,1 мыӊ тонна катодты мыс өндірді. Өндіріс қарқыны жыл соӊына қарай жоспарлы 80-85 мыӊ тонна мыс өндіруге мүмкіндік береді. Концентраттағы мыс өндірісі 21,5 мыӊ тоннаны құрады

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ бірінші тоқсаныныӊ қорытындысы бойынша KAZ Minerals Тобы 19,1 мыӊ тонна катодты мыс өндірді. Өндіріс қарқыны жыл соӊына қарай жоспарлы 80-85 мыӊ тонна мыс өндіруге мүмкіндік береді. Концентраттағы мыс өндірісі 21,5 мыӊ тоннаны құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Есепті кезеӊ ішінде Топ 1,05 млн тонн кен өндірді, кен құрамындағы мыстыӊ орташа мөлшері 2,31% құрады.

Ілеспе өнімдер өндірісі компания жоспарлап отырған көрсеткіштерге сай келеді. Бірінші тоқсанда 2015 жылға жоспарланған 90-95 мыӊ тонна концентраттағы мыстыӊ 25,1 мыӊ тоннасы өндірілді. Күміс өндірісі 895 мыӊ унцияны құрады (2015 жылға арналған болжам: 2,2-2,5 млн унция). 2015 жылы жоспарлы тау-кен жұмыстарыныӊ уақытша іліспе өнімдерге жұтаӊ учаскелерде (бірінші кезекте, Артемьев кенішінде) жүргізілуіне байланысты Шығыс Қазақстанда ілеспе өнімдер өндірісініӊ төмендеуі күтілуде.

Бірінші тоқсанда 6,4 мыӊ унция алтын өндірілді. Үш айдыӊ ішінде Топ 10,7 мыӊ тонна концентраттағы алтын өндірді. Алайда, есепті кезеӊде оныӊ барлық көлемі өӊделген жоқ және ол дайын өнім ретінде алдағы айларда ұсынылатын болады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінде алтын өндіру көлемі арта түседі және бұл 42-47 мыӊ унция көлеміндегі жоспарлы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2015 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша KAZ Minerals-тыӊ таза берешегі 1,29 млрд.АҚШ долларын құрады. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдаймен салыстырғанда берешектіӊ өсуіне (962 млн АҚШ доллары) Бозшакөл мен Ақтоғай даму жобаларыныӊ жүзеге асырылуына, несиелік желі бойынша пайыздарды төлеуге, және ПҚӨС пен табыс салығыныӊ төленуіне қатысты жоспарлы шығындар себеп болды.

"Шығыс аймақтағы кәсіпорындардыӊ жоғары өнімділігі 2015 жылы жалпы Топ қызметіне жақсы серпін берді. Біз бұрынғыдай мыс өндіруге ден қойып, биыл жоспарланғандай 80-85 мыӊ тонна катодты мыс өндіруге дайынбыз", - деп мәлімдеді KAZ Minerals Тобыныӊ Басқарма Төрағасы Олег Новачук.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны