26.02.2015, 17:11 3796

KAZ MINERALS тәуелсіз атқарушы емес директордыӊ тағайындалғаны туралы хабарлайды

KAZ Minerals Тобы 2015 жылдыӊ 1 наурызынан бастап Джон Маккензи Тәуелсіз атқарушы емес директор лауазымына тағайындалатынын хабарлайды. Ол Қауіпсіздік техникасы, еӊбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттіӊ және Жобалардыӊ жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі комитеттіӊ құрамына кіреді

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - KAZ Minerals Тобы 2015 жылдыӊ 1 наурызынан бастап Джон Маккензи Тәуелсіз атқарушы емес директор лауазымына тағайындалатынын хабарлайды. Ол Қауіпсіздік техникасы, еӊбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттіӊ және Жобалардыӊ жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі комитеттіӊ құрамына кіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Джон Маккензи - тау-кен саласында 23 жылдан астам еӊбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған білікті жетекші. Ол ұзақ уақыт бойы Anglo American Тобында қызмет етті. Атап айтсақ, 2006 жылдан 2009 жылға дейін компанияныӊ мырыш басқармасына жетекшілік етіп, 2009 жылдан 2013 жылға дейін мыс бөлімшесініӊ Атқарушы директоры қызметін атқарды. 2013 жылдан бастап Джон Маккензи Audley Capital Advisors компаниясыныӊ тау-кен саласындағы инвестициялар жөніндегі бөлімшесініӊ жұмысы үшін жауап берді. Сөйтіп, Африка, Оӊтүстік және Солтүстік Америка мен Еуропа елдеріндегі тау-кен өндірісі саласында елеулі халықаралық тәжірибе жинақтаған Джон Маккензи KAZ Minerals Директорлар кеӊесініӊ жұмысына өз үлесін қоспақ.

"Мен таяуда аяқталған қайта құрудан кейінгі Тобымыз үшін маӊызды кезеӊде Директорлар кеӊесіне Джон Маккензидіӊ қосылғанына қуыныштымын. Anglo American компаниясыныӊ мыс бөлімшесініӊ бұрынғы жетекшісі ретінде Джон Маккензи мырзаныӊ тәжірибесі өте бағалы және біз үшін оныӊ сарапшылық пікірі өте пайдалы болады", - деп мәлімдеді бұл орайда Директорлар кеӊесініӊ Төрағасы Саймон Хил.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны