26.11.2009, 15:50 3533

"ҚазАгро" 1 млн тонна астық сатып алу үшін ел ішінен қарыздану схемасын ойластырды

"ҚазАгро" 1 млн тонна астық сатып алу үшін ел ішінен қарыздану схемасын ойластырды

Астана. 26 қараша. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" Ұлттық холдингі 1 млн тонна астық сатып алу үшін ел ішінде қарыздану схемасын ойластырды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің селекторлық отырысында "ҚазАгро" Ұлттық холдингі басқармаларының төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз жылдың соңына дейін қосымша қаржы көздерін іздеп табу схемасын ойластырдық, оған қазір біз сатып алып жатқан 3 млн тоннаға қосымша тағы да 1 млн тонна сатып алмақпыз. Біз облигациялар шығару арқылы ішкі қор нарығынан қаражат алу мәселесін ойластырдық, ол облигациялар елдегі зейнетақы жинақтаушы қорларда орналастырылады. Бірақ облигациялар шығармас бұрын және ішкі нарықтан қаражат несиеге алмас бұрын біз лайықты пайызға екінші деңгейлі банктерден қысқа мерзімді несие алуға келістік. Осы қаржының есебінен біз осы жылдың аяғына дейін бүкіл еліміз бойынша тепе-тең мөлшерде сатып алулар жасау үшін 1 млн тонна астық сатып алмақшымыз",- деді А.Мамытбеков.

"Біз барлық облыстар бойынша бидай дақылы егілген егіс алқаптарына парапар көлемде белгілі мөлшерде квота бөлінгенін қалаймыз", - деді ол.

Сонымен бірге, "ҚазАгро" басшысы хабарлағандай, "қазір барлық 3 млн тонна астыққа шарт жасалып, ақшаның жартысы өтеліп, қалғандары бойынша жұмыс бабындағы процестер жүргізілуде".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны