16.06.2014, 19:20 2831

"ҚазАгро" 30 трансұлттық компаниямен инвестиция тарту бойынша жұмыс істеуде

Бүгінгі күні "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі 30 трансұлттық агроөндірістік компаниялармен Қазақстанға инвестициялар тарту бойынша және ауыл шаруашылық саласындағы жобаларға қатысу үшін жұмыс жүргізуде.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Бүгінгі күні "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі 30 трансұлттық агроөндірістік компаниялармен Қазақстанға инвестициялар тарту бойынша және ауыл шаруашылық саласындағы жобаларға қатысу үшін жұмыс жүргізуде.

Жалпы, "ҚазАгро" Ұлттық холдингінде республиканың АӨК-н инновациялық рельстерге көшіру бойынша мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде агроөндірістің заманауи және жоғары технологиялық әдістерін қолдануға қызметтері бағытталған 150 шетел компанияларының тізімі айқындалған, деп холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстандық холдинг ынтымақтастықты көздеп отырған бірқатар компаниялар Астана қаласында 2014 жылдың 17-18 маусымында өтетін бірінші Қазақстандық Агроөнідірістік инвестициялық форумына қатысады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, халықаралық форум жұмысына Еуропадан, АҚШ, Таяу Шығыс, Ресейден, Украина және Қазақстаннан 150 компания-потенциалды инвесторлар қатысады. Республиканың агросаласы үшін маңызды шара "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі мен AdamSmithConferences (Адама Смит Институты) британдық компаниясының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны