29.05.2008, 10:15 1225

"Қазагро" 60 жылыжайдың құрылысын қаржыландыруды жоспарлап отыр

"Қазагро" 60 жылыжайдың құрылысын қаржыландыруды жоспарлап отыр

Алматы. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Қазагро" ұлттық холдингі" АҚ 60 жылыжайдың құрылысын қаржыландыруға құлшыныс білдіріп отыр. Бұл туралы ІІ Орта Азиялық "Kazagrofood-2008" жеміс-көкөніс форумы барысында "Қазагроның" басқарма төрағасы Илихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Биылғы жылы біз жалпы аумағы 27 гектарды құрайтын 60 шақты жылыжай құрылысын қаржыландыруды және 320 гектар жерге тамшылық суару технологиясын енгізуді жоспарлап отырмыз", - деп толықтырды И. Смайылов.

Оның айтуынша, жеміс-көкөніс өнімдеріне жоғары бағаның қалыптасуына жылыжай шаруашылықтарының жетіспеушілігі, жеміс-көкөніс өнімдерін тасымалдау және сақтау жүйелерінің дамымағандығы себепкер болып отыр. Жылыжайлар нарық өнімнің белгілі бір жетіспеушілігін көріп, баға жоғарылаған маусым аралығында жемістер мен көкөністерді жеткізуді қамтамасыз ете алады.

"Қазагромаркетинг" АҚ мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісінің көлемі 2007 жылы 2,8 млн тоннаны құраған. Экспортталған өнім көлемі 140 мың тоннаны, импортталған өнім көлемі 47 мың тоннаны құраған.

"Ағымдағы жылы біз жеміс-көкөніс өнімдерінің көлемінің жылыжай шаруашылықтарының өндірісі есебінен де өсетінін күтіп отырмыз", - деп сөзін қорытты "Қазагро" басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны