20.01.2011, 17:03 3451

"ҚазАгро" алдағы жылы жалпы құны 55,5 млрд. теңгені құрайтын 45 жобасын іске қоспақ

"ҚазАгро" алдағы жылы жалпы құны 55,5 млрд. теңгені құрайтын 45 жобасын іске қоспақ. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Холдингтің Басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - қаңтар. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" алдағы жылы жалпы құны 55,5 млрд. теңгені құрайтын 45 жобасын іске қоспақ. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Холдингтің Басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "2011 жылы Холдинг 55,5 млрд. теңгенің 45 жобасын іске қосуды жоспарлап отыр. Соның ішінде Ұлттық қор есебінен 46,8 млрд. теңгеге 34 жоба, басқа көздерден 8,7 млрд. теңгеге 11 жоба жүзеге асырылады", - деп атап өткен А.Мамытбеков.

Басқарма төрағасының айтуынша, бұл ретте Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізілген жобаларға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдауға бағытталған ағымдағы бағдарламаларды қолдау жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны