18.02.2015, 17:37 4222

"ҚазАгро" АӨК субъектілерін қаржыландыруға 60 млрд теӊге бөлді

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ағымдағы жылы республикалық бюджеттен АӨК субъектілерін одан әрі несиелендіруге 60 млрд теӊге бөлді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы Дәурен Махажанов

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ ағымдағы жылы республикалық бюджеттен АӨК субъектілерін одан әрі несиелендіруге 60 млрд теӊге бөлді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы Дәурен Махажанов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Республикалық бюджеттен ағымдағы жылға 60 млрд теӊге бюджеттік несие бекітіліп, ол "ҚазАгроға" АӨК субъектілерін одан әрі несиелеу үшін бөлінді", - деді Д.Махажанов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, апта соӊына дейін "ҚазАгро" холдингі шаруаларды азық-түлік келісім-шарттық корпорация желісі бойынша несиелендіре бастайды, аталған бағыт аясында 17,6 млрд теӊге бөлінген.

Д.Махажанов хабарлағандай, ағымдағы жылы өткен жылдағыдай азық-түлік келісім-шарт корпорациясы, шаруа-фермерлік шаруашылықтардан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдігімен форвардтық бидай сатып алу келісімдерін жасау сияқты қаржыландыру арналары пайдаланылады.

Сондай-ақ, ол екінші деӊгейдегі банктердіӊ кепілдемесі бойынша аграрлық-несиелік корпорация 7,5 млрд теӊгеге дейін несие беретінін баса айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны