19.05.2008, 16:54 3168

"ҚазАгро" "Астық қоймалары" ЖШС активтерін бәсекелі ортаға бермейді

"ҚазАгро" "Астық қоймалары" ЖШС активтерін бәсекелі ортаға бермейді

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ меншігінде астық қабылдау орындары бар "Астық қоймалары" ЖШС активтерін бәсекелі ортаға тапсыруды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне холдингтің баспасөз қызметінен хабарлады.

"ҚазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ компанияның даму жоспарында балансында бес бірдей астық қабылдау орны бар және "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын "Астық қоймалары" ЖШС активтерін сату ниетінің жоқ екенін мәлімдейді, деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл ретте әлемдегі азық-түлік нарығындағы қазіргі жағдайды ескере отырып, "ҚазАгро" Ұлттық компаниясы" АҚ мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар ішкі азық-түлік нарығын реттеу және тұрақтандыру қызметін орындауға қажетті активтерді сақтап және көбейтуге ерекше назар аударады деп көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны