28.02.2013, 10:46 6163

"ҚазАгро" Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешеніне 870 млн теңге инвестициялады

"Бүгінгі таңда "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешеніне 870 млн теңгеден астам қаржы (2001-2013 жылдары) инвестицияланды. 2012 - 2013 жылдар аралығында облыста ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 167 млн теңгеден астам қаржы көлемінде несие берілді", - делінген ақпаратта.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" Ұлттық холдингі Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешеніне "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ желісімен 870 млн теңгеден астам қаржы инвестициялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігі "ҚазАгро" Холдингі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Бүгінгі таңда "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешеніне 870 млн теңгеден астам қаржы (2001-2013 жылдары) инвестицияланды. 2012 - 2013 жылдар аралығында облыста ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 167 млн теңгеден астам қаржы көлемінде несие берілді", - делінген ақпаратта.

Корпорацияның көмегімен 2001-2013 жылдар аралығында республиканың 13 облысы мен 160 ауданында 163 несие серіктестігі (НС) құрылды.

Корпорация 2011 жылдан бастап мал шарушалығын дамытуға ("Сыбаға" бағдарламасы) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелеу бағдарламасы бойынша бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырады.

Сондай-ақ, 2012 жылдан бастап "Сыбаға" бағдарламасы бойынша несиелер несие серіктестіктері жүйесі арқылы беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны