05.12.2012, 15:59 3451

"ҚазАгро" ауыл шаруашылық хабы жүйесін енгізуді жоспарлауда

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ҚазАгро" ұлттық холдингі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астана айналасындағы 300-шақырымдық аумақтағы өндірісті қаржыландыру және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жөніндегі жобаларды қарастырады.

Өскемен. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ауыл шаруашылық хабы жүйесін енгізуді жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ҚазАгро" ұлттық холдингі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астана айналасындағы 300-шақырымдық аумақтағы өндірісті қаржыландыру және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жөніндегі жобаларды қарастырады.

Астаналық азық-түлік белдеуіне Ақмола облысының 17 ауданы мен Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары және өңірдің агрошаруашылық өкілдерімен кездесуі барысында "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Дулат Айтжанов айтты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Холдинг басшысының айтуынша, астаналық азық-түлік белдеуін қалыптастыру шеңберінде жобаларды қаржыландыру барысында "ҚазАгро" оның тиімділігіне әсер ететін кейбір мәселелерге тап болды. Негізгі мәселелер "өндіруші - сауда желісі" тізбегіндегі делдалдардың көп болуына байланысты, салдарынан шынайы сауда өндіруші өз өнімінен түскен табыстың бизнесін жаңғыртуға және кеңейтуге жұмсауына болатын көп бөлігін алмайды. Екінші мәселе - өндіруші шаруалардың Астана нарығына тікелей қол жетімділігінің шектеулі болуы. Проблеманы қалалық сауда желілерінің тарапынан міндеттемелерді сақтамауы, сондай-ақ өнімді тасымалдау және сақтау мәселелері ушықтырып отыр.

Осы мәселелерді шешу үшін, Дулат Айтжановтың айтуынша, сауда-логистикалық желі жүйесі (хаб) енгізіледі. Оның міндеті ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерден өнімді әділ бағамен сатып алу және меншікті (жалға алынған) автокөлікпен тасымалдау, оны өзінің қоймаларында сақтау, және сауда желілерімен өзара қатынастың тиімді компьютерлендірілген жүйесін құру болып табылады. Ауқым әсері есебінен хаб тұрақты шығындарды ұнемдеуге, сондай-ақ өнімді сатып алу және сату жүйелілігін белгілеуге мүмкіндік береді. "Шынайы өндірушілер тауарларын кімге сатамыз, жақсы табыс табамыз деп басын ауыртпайтын болады, ал сауда желілері қысқа мерзімде өнім алатындығын білетін болады. Хаб иелері өндірушілер консорциумы мен "ҚазАгро" холдингі (ірі сауда желілерінің өкілдері болуы да мүмкін) болатындығын есекре отырып, сауда желілері тең әріптестік қағидаларына негізделген өзара тиімді қатынастарды қалыптастыруға мүдделі болады", - дейді "ҚазАгро" ұлттық холдингінің басқарма төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны