15.02.2010, 13:02 2927

"ҚазАгро" басшысы ауылшаруашылық жабдықтарын лизингіге алу жөніндегі кедендік алымдардың механизмдерін жетілдіруді ұсынады

"ҚазАгро" басшысы ауылшаруашылық жабдықтарын лизингіге алу жөніндегі кедендік алымдардың механизмдерін жетілдіруді ұсынады

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" басшысы ауылшаруашылық жабдықтарын лизингіге алу жөніндегі кедендік алымдардың механизмдерін жетілдіруді ұсынады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында "ҚазАгро" Ұлттық холдингі басқармаларының төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жаңа Кеден кодексі бойынша жаңа кедендәк баж салықтары енгізілуге байланысты елімізде бірқатар ауылшаруашылық жабдықтары бойынша кедендік баж салықтары енгізіліп, ҚҚС алынатын болды", - деді А. Мамытбеков.

"Инвестициялар туралы заңның талаптарына сәйкес, инвестициялық преференцияларға инвестициялық жобалардың бастамашылары - жеке меншік компаниялар ие бола алады. Еліміздегі инвестициялық жобалардың басым бөлігінің қаржыландыру құрылымында қаржылық лизинг деген бар, және бухгалтерлік есеп және лизинг туралы заңдарға сәйкес бұл жабдықтар лизинг берушінің, яғни, қаржыландырушы ұйымның балансына қойылады, және құны толық өтелген соң ғана оның балансына өтеді. Осыған байланысты біз инвестициялық преференцияларға мүлдем ие бола алмай отырмыз, ал қаржыландыру құрылымын несиелендіруге алмастыруға еш мүмкіндік табылмайды, оған себеп, несие алушыларда қосымша кепілдік жоқ", - деді ол.

"Сол себепті индустрияландыру жобасы бойынша қаржылық лизингті беру үшін лизинг беруші импорттайтын мүлікті босату механизмін енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылып отыр", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны