22.07.2016, 11:49 4823

"ҚазАгро" холдингімен егістік жұмыстарын қолдаудыӊ қорытындылары және 2016 жылғы егістік науқанын қаржыландыру мәселелері.

Егер, өткен жылы біз аймақтық астық кооперативтерініӊ 2 пилоттық жобасына қолдау көрсеткен болсақ, 2016 жылдыӊ басынан бастап Холдингпен Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында 10 Бірлестік қаржыландырылды, 212 қатысушыныӊ егістік алаӊыныӊ көлемі 726 мыӊ гектарды құрады, қаржыландыру сомасы - 8,3 млрд. теӊге.

Астана. 22 шілде. Kazakhstan Today - Республикадағы егістік науқаны табысты аяқталды және бүгінгі күні Қазақстанныӊ оӊтүстік аймақтарыныӊ бес облысында жинау жұмыстары басталып кетті. "ҚазАгро" холдингініӊ Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов бүгін ОКҚ егістік жұмыстарын қаржыландыруды қорытындылады және 2016 жылғы егін жинау науқанын қолдау туралы айтты. Бұдан басқа, Ұлттық холдингтіӊ басшылары және Қазақстандағы астық холдингтерініӊ бірініӊ басшысы Ербол Ташенов республиканыӊ АӨК кооперациялар қызметі мен келешегі туралы айтып берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығындағы басты аграрлық шараларды - егін егу мен жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін "ҚазАгро" холдингіне 60 млрд.теӊге сомасына бюджеттік несие берілді (қайтару мерзімі 20.12.2016 жылға дейін.), ол қарыз түрінде Холдинг пен екінші деӊгейлі банктер (ЕДБ) арасында келесі бағыттар бойынша бөлінді (Басқарманыӊ 13.02.16 жылғы № 8 шешімі):

- ауылшаруашылық тауар өндірушілерін (АШТӨ) тікелей несиелеу және шағын қаржы ұйымдары (ШҚҰ) мен ААО арқылы несиелеу (36 млрд. теӊге);

- әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардыӊ (ИКК) кепілдігімен астықты форвардтық сатып алу (15,4 млрд. теӊге);

- екінші деӊгейлі банктер арқылы аймақтағы астық кооперативтерін қаржыландыруға (8,6 млрд. теӊге).

Осы жылдыӊ 20 шілдесі жағдайында бюджеттік несие шеӊберінде 58,4 млрд. теӊге сомасына 2514 ауылшаруашылық тауар өндірушілері (АШТӨ) қаржыландырылды, егістік алаӊы 5 млн.гектар.

Соныӊ ішінде, астықты кепілдікпен форвардтық сатып алуға 14,1 млрд.теӊге сомасына 1718 АШТӨ қаржыландырылды, егістік алаӊыныӊ көлемі 2,3 млн. га;

Н. Малеловтыӊ айтуынша, екінші деӊгейлі банктердіӊ (ЕДБ) кепілдігімен тікелей несиелеуге шамамен 2 млн.гектар алаӊға егін егу үшін 36 млрд.теӊгеге 584 АШТӨ қаржыландырылды.

Бұдан басқа, көктемгі-егіс жұмыстарын (КЕЖ) қаржыландыру бюджеттен тыс қаражат есебінен де жүзеге асырылады:

несие серіктестіктері жүйесі және шағын қаржы ұйымдары арқылы несиелеуге 6,7 млрд. теӊге бағытталды, ол шамамен 1,1 млн. гектар егістік алаӊындағы 482 АӨК субъектілерін қамтиды;

332,7 мыӊ гектар алаӊға 365 өтінімді тікелей несиелеуге қосымша 4,3 млрд. теӊге бағытталды.

егістікке қажет ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін 15,2 млрд.теӊгеге 954 қаржы лизингі шарты жасалды. Бұл бағыттыӊ шеӊберінде 594 трактор, 131 дәнсепкіш пен басқа да егістік техникалары жеткізілетін болады.

Осылайша, Басқарма Төрағасы Н.Малелов атап өткендей, бюджеттік несие қаражатыныӊ және бюджеттен тыс көздер есебінен 3363 өтінім қаржыландырылды, егістік алаӊы 6,5 млн.га, жалпы 85,3 млрд. теӊге сомасына шамамен мыӊ бірлік егістік техникалары сатып алынды. Салыстырмалы түрде, өткен жылдыӊ ұқсас кезеӊінде 3220 АӨК субъектісі қаржыландырылды, 76,5 млрд.теӊгеге 1278 бірлік техника сатып алынды.

Бұдан басқа, жылдыӊ басынан бастап (15.07.16 ж. жағдайында) жинау техникаларын сатып алуды қаржыландыру шеӊберінде 8,3 млрд.теӊге сомасына 461 бірлік техника сатып алу қаржыландырылды (жоспар - 20,5 млрд.теӊге, жоспардыӊ орындалуы 40,5 %-ды құрады).

Кооперациялар мен ынтымақты жауапкершілік принциптерінде астық өндірушілердіӊ бірлестіктерін ынталандыру шеӊберінде 2016 жылы Холдингтіӊ екінші деӊгейлі банктер арқылы егістік жұмыстарын жүргізу үшін оларды қаржыландыруды жалғастырғанын атап өту қажет.

Егер, өткен жылы біз аймақтық астық кооперативтерініӊ 2 пилоттық жобасына қолдау көрсеткен болсақ, 2016 жылдыӊ басынан бастап Холдингпен Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында 10 Бірлестік қаржыландырылды, 212 қатысушыныӊ егістік алаӊыныӊ көлемі 726 мыӊ гектарды құрады, қаржыландыру сомасы - 8,3 млрд. теӊге.

Биылғы жылы кооперативтерді қаржыландыру бағдарламасына "Банк RBK" АҚ және "Банк Астана" АҚ тартылды. Холдинг өз тарапынан бюджеттік несие қаражаты есебінен банктерді қорландыруды қамтамасыз етті.

Анықтама. 2015 жылдан бастап Холдингпен астық өндірісі саласындағы шағын және орта АШТӨ біріктірудіӊ жаӊа тәсілі ұсынылды, ол үш астық егетін өӊірде (Ақмола, Қостанай және СҚО) таныстырылып және пилоттық режимде іске қосылды.

Қызығушылық танытқан фермерлер кооперациялар мен ынтымақты жауапкершілік принциптерінде астық өндірушілерініӊ бірлестіктеріне "Аймақтық астық холдингтері" принципінде бірікті.

Бұл схема Бірлестіктерді несиелеу процессіне кейіннен оныӊ құрылтайшыларыныӊ көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін ЕДБ тартуды көздейді.

2015 жылы Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарында 2 Бірлестік құрылды. Бірлестіктердіӊ 92 қатысушысыныӊ қаржыландырылған алаӊы 205 мыӊ гектардан асады, қаржыландыру сомасы - 2,5 млрд. теӊге. ҚазАгроны қорландыру есебінен "Банк Астаны" АҚ қаржыландырылды (023 ББ бойынша бюджеттік несие).

Кооперациялар құру бойынша алған оӊ тәжірибесін ҚазАгро ауыл шаруашылығыныӊ басқа да кіші салаларында пайдалануды жоспарлайды. Барлығы 2018 жылға дейін өндіріске сүт өндірісі және өӊдеу, етті мал шаруашылығы, мақта өндірісі, түйе сүтін өӊдеу, ара өсіру шаруашылығы, жүгері өндірісі, қой шаруашылығы (қой еті) бойынша, қырман шаруашылығын құру және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорыныӊ қаржылай қолдауымен дәнді дақылдарды өткізу бойынша кооперативтер құру және енгізу жоспарланады.

Анықтама. АШМ, облыс әкімдіктерініӊ оперативтік мәліметтері бойынша жалпы республика бойынша ауылшаруашылық дақылдарыныӊ егістік алаӊы 21,6 млн.гектардан астамды құрады, бұл 2015 жылдыӊ деӊгейінен 2,1%-ға артық, соныӊ ішінде күздік дақылдар 0,5 млн. га алаӊға, жазғы дақылдар - 18,5 млн.га, өткен жылдыӊ көп жылдық шөптеі - 2,6 млн. га орналастырылды.

Көктемгі егістік алаӊы 18,5 млн.га деӊгейінде.

Дәнді дақылдар шамамен 15,2 млн.га алаӊға егілген (280,6 мыӊ га. артық), соныӊ ішінде бидай - шамамен 12,2 млн. га, (441,4 мыӊ га артық), май дақылдары - 1,9 млн. га (89,2 мыӊ га аз), жемшөп дақылдары - 4,0 млн. га (254,4 мыӊ га артық), көкөніс-бақша дақылдары мен картоп - 413,7 мыӊ га (11,6 мыӊ га аз), мақталық - 109,3 мыӊ га (10,1 мыӊ га артық), қант қызылшасы - 12,1 мыӊ га (2,7 мыӊ га артық).

Жалпы, ағымдағы жылғы ауа-райыныӊ қолайлы жағдайлары көктемгі егіс жұмыстарын оӊтайлы агротехникалық мерзім ішінде өткізуге мүмкіндік берді.

Қазіргі жағдайларды есепке алғанда, жиналатын өнім өткен жылдыӊ деӊгейінен төмен болмайтыны болжанады (шамамен 18,0 млн. тонна), бұл елдіӊ астыққа ішкі қажеттілігі мен экспорттық әлеуетініӊ шамамен 7,0-7,5 млн.тоннасын қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.

"ҚазАгро" холдингі" АҚ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны