16.09.2015, 16:18 4519

"ҚазАгро" холдингініӊ ауылшаруашылық техникасы бойынша ресейдіӊ машина жасаушыларымен ынтымақтастығы

2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасына "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ желісі бойынша Ресей Федерациясынан жалпы құны 140 млрд. теӊгеге 8 мыӊ бірлік түрлі ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары жеткізілді. Бұл туралы XII Ресей мен Қазақстанныӊ аймақаралық ынтымақтастығы форумы барысында "ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов айтты.

Астана. 16 Қыркүйек. Kazakhstan Today - 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасына "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ желісі бойынша Ресей Федерациясынан жалпы құны 140 млрд. теӊгеге 8 мыӊ бірлік түрлі ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары жеткізілді. Бұл туралы XII Ресей мен Қазақстанныӊ аймақаралық ынтымақтастығы форумы барысында "ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов айтты. Қазақстандық даму институтыныӊ басшысы атап өткендей, осы бағыттағы Ресейдіӊ ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын шығаратын зауыттарымен ынтымақтастықты "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ еншілес компаниясы - "ҚазАгроҚаржы" АҚ жүзеге асырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы уақыттағы ресейдіӊ машина жасаушыларыныӊ өнімдері Қазақстанға техника жеткізуші компаниялардыӊ жалпы көлемініӊ 23%-ын құрайды. Жалпы "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ желісі бойынша республиканыӊ агроқұрылымдары мен шаруашылықтарыныӊ 33 мыӊ бірліктен астам ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарды сатып алуы қаржыландырылды, ол елімізге жеткізілетін техниканыӊ жалпы көлемініӊ 55%-дан астамаын құрайды.

Қайта өӊдеуші жабдықтар мен техниканы жеткізу бойынша Холдингтіӊ негізгі стратегиялық әріптестері - "Комбайновый завод Ростсельмаш" ЖШҚ, "Агромашхолдинг" ЖШҚ, "Четра восток" ЖШҚ, "Клевер"АҚ, "Петербургский тракторный завод" ЖАҚ, "Агрисовгаз" ЖШҚ, "Агро"АҚ сияқты ірі компаниялар болып табылады.

Ынтымақтастықтыӊ өзара тиімді әлеуетті мүмкіндіктер туралы айта отырып Нұрлыбек Малелов оныӊ барынша айтарлықтай үлкен екенін атап өтті. Оныӊ айтуы бойынша республиканыӊ АӨК белсенді дамыту кезіндегі Қазақстанныӊ ауылшаруашылық техникасына 2020 жылға дейінгі қажеттілігі: 10 мыӊ бірлік комбайнды, 60 мыӊнан астам тракторды, 75 мыӊ дәнсепкішті, 7 мыӊ бірлік дән басқышты құрайды.

"Осыныӊ барлығы Қазақстанға техникалар жеткізуді қамтамасыз ету бөлігіндегі, сондай-ақ елдіӊ аумағында бірлескен құрастырушы өндіріс құру бойынша жаӊа серіктестер іздестірудегі бірлескен жұмысты жалғастыру үшін алғышартты құрады. Бізде қазіргі уақыттыӊ өзінде ресей компаниясы "Комбайновый завод Ростсельмаш" ЖШҚ, "Vektor" комбайнын құрастыру бойынша, сондай-ақ ПАО "Камаз" компаниясымен КАМАЗ-дар мен тіркемелер құрастыру бойынша бірлескен машина құрастыру өндірісін құруда оӊ тәжірибе бар" - деді "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ басшысы.

2015 жылғы 16 қыркүйекте Сочи қаласында XII Ресей мен Қазақстанныӊ аймақаралық ынтымақтастығы форумы өтетіндігін естеріӊізге саламыз, оған екі елдіӊ Президенттері - Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. тыӊ қатысуымен өтеді. Іс-шараныӊ аясында "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресей мен қазақстан ынтымақтастығыныӊ перспективалары" деп аталатын мамандандырылған көрме өткізу жоспарлануда, онда ресейлік өндірушілерден басқа 60-тан астам қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдардыӊ өкілдері қатысады. Форумныӊ тақырыбы - "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету". Форумныӊ шеӊберінде ресей мен қазақстандық қатынастардыӊ өзекті мәселелері және Еуразиялық экономикалық одақ пен басқа аймақтық бірлестіктер шеӊберіндегі интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.

Форумныӊ іс-шарасы бағдарламасымен "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресей-қазақстандық ынтымақтастық перспективалары" мамандандырылған көрмесін өткізу, шекаралық ынтымақтастық жөніндегі ресей-қазақстан отырысы, екі жақты жастар форумы көзделген. Бірлескен құжаттардыӊ бірқатарына, соныӊ ішінде ресей мен қазақстан аймақтарыныӊ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны