29.05.2008, 10:11 1408

"Қазагро" күріш өсіретін шаруашылықтарды қолдауға 700 млн теңге бөлуге дайын

"Қазагро" күріш өсіретін шаруашылықтарды қолдауға 700 млн теңге бөлуге дайын

Алматы. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Қазагро" ұлттық холдингі" АҚ күріш өсіретін шаруашылықтарды қолдауға 700 млн теңге бөлуге дайын. Бұл туралы ІІ Орта Азиялық "Kazagrofood-2008" жеміс-көкөніс форумы барысында "Қазагроның" басқарма төрағасы Илихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі уақытта мемлекет күріш өндірісін субсидиялау көлемін екі немесе үш есе ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. Өз кезегінде "Қазагро" биылғы жылы көктемгі тұқым себу және жинау жұмыстарын қаржыландыру аясында кұріш өсіретін шаруашылықтарға 700 млн теңгені бөлуге дайын", - деп атап көрсетті И. Смайылов.

Оның айтуынша, күріш проблемасы несиелеу мөлшерлемесін көтеріп жіберген Қазақстан банктерінің өтімділік дағдарысымен байланысты.

"Дегенмен, сонымен бірге, су жетіспеушілігі проблемасы тағы бар. Сондықтан, күріш өсіретін шаруашылықтар су ресурсын үнемдейтін технологияларды енгізуі және күріштің ылғалды барынша аз сіңіретін сорттарын себуі қажет", - деп түсіндірді "Қазагро" басшысы.

"Оның үстіне қазір үкімет ішкі нарықтағы зарарсыздандыру қорларына күріш сатып алу шараларын қарастыруда. Ішкі нарықтағы күріш ұсынысы жетіспеген жағдайда үкімет мемлекеттік материалдық резерв арқылы сыртқы нарықтан күріш сатып алуды жоспарлап отыр", - деп толықтырды И. Смайылов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны