27.09.2012, 11:29 3477

"ҚазАгро" мен Қазақстан фермерлер одағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Д.Айтжанов фермерлер одағына "ҚазАгро" мемлекеттік холдингіне өз өкілін шаруалардың мүддесін қорғау және шаруалардың жұмыс топтары мен бақылаушы кеңестерінің жұмысына қатысу үшін делегат етіп жіберуді ұсынды, деп жазады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Астана. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" мен Қазақстан фермерлер одағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ұлттық холдингтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ҚазАгро" Ұлттық холдинг басшысы Дулат Айтжанов пен Қазақстан фермерлер одағының басшысы Иуезхан Дарынов қол қойған меморандум еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша біріккен жұмысты қарастырған. Құжат баптарында ауылдағы шағын және орта бизнесті несиелеудің шарттарын жақсарту мәселелері бойынша екі ұйымның өзара әрекеттестігі, біріккен ұсыныстарды жасау мен оларды әрі қарай жетілдіру үшін ауыл шаруашылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен бағдарламаларды зерттеу мен сараптау бойынша біріккен жұмыс қарастырылған. Құжаттың әрекет ету мерзімін одан әрі ұзарту мүмкіндігімен 3 жылды құрайды.

Д.Айтжанов фермерлер одағына "ҚазАгро" мемлекеттік холдингіне өз өкілін шаруалардың мүддесін қорғау және шаруалардың жұмыс топтары мен бақылаушы кеңестерінің жұмысына қатысу үшін делегат етіп жіберуді ұсынды, деп жазады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны