22.05.2018, 11:02 4025

"ҚазАгро" мен Кореяныӊ азық-түлік, ауыл және орман шаруашылығы саласындағы жоспарлау және бағалау институты арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

iPET басшысы атап өткендей, Корея институты "ҚазАгро" үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін зерттеуге және дамытуға техникалық қолдау көрсетуді, сондай-ақ қазақстандық Холдингке ауылшаруашылық өндірісі, диструбиция және технологиялық трендтер бойынша ақпарат беруді жоспарлайды.

Астана. 22 мамыр Kazakhstan Today - Астанада 18 мамырда "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі және Кореяныӊ азық-түлік, ауыл және орман шаруашылығы саласындағы жоспарлау және бағалау институты (iPET) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа сәйкес тараптар өзара ынтымақтастықтыӊ жаӊа перспективалық бағыттары туралы бір-бірін ақпараттандыруға; үздіксіз өзара іс-қимылды жүзеге асыруға және күштерін үйлестіруге, қажет деп санайтын кез келген қолжетімді байланысты пайдалануға; ынтымақтас тық нәтижелерін кезеӊді түрде талдауға, бірлескен қызмет жетістіктері туралы ақпаратпен алмасуға, өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеп беруге ниетті.

"ҚазАгроныӊ" атынан меморандумға Холдингтіӊ Басқарма төрағасы Малелов Нұрлыбек, iPET компаниясынан - оныӊ президенті Кюнг Тэ О. қол қойды.

iPET басшысы атап өткендей, Корея институты "ҚазАгро" үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін зерттеуге және дамытуға техникалық қолдау көрсетуді, сондай-ақ қазақстандық Холдингке ауылшаруашылық өндірісі, диструбиция және технологиялық трендтер бойынша ақпарат беруді жоспарлайды.

Өз кезегінде, Нұрлыбек Малелов, меморандумныӊ екі елде де ауыл шаруашылығыныӊ бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудыӊ маӊызды механизмі болатынын және тығыз коммерциялық байланыс пен екіжақты инвестицияны жылжыту және технологиялардыӊ трансферті үшін негіз құрады деп атап өтті.

Кореяныӊ азық-түлік, ауылшаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саласындағы жоспарлау және бағалау институты(iPET) Корея Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және ауыл істері министрлігініӊ жанындағы квазимемлекеттік институт болып табылады. Компания азық-түлік,ауылшаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саласындағы жобаларды жоспарлау, басқару және бағалауды тиімді қолдау үшін құрылған.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзініӊ құрылымына кіретін компаниялардыӊ инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтіӊ құрамына "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ және "ҚазАгроМаркетинг" ЖШС енеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны