20.12.2009, 16:48 3313

"ҚазАгро" несиелер бойынша берешектері бар егіншілерден ғана астық сатып алады - Мамытбеков

"ҚазАгро" несиелер бойынша берешектері бар егіншілерден ғана астық сатып алады - Мамытбеков

Астана. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" АҚ несиелер бойынша берешектері бар егіншілерден ғана астық сатып алады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің XII отырысында "ҚазАгро" Ұлттық холдингі басқармаларының төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

А. Мамытбеков еске салып өткендей бұған дейін Ұлттық қордан "ҚазАгро" компаниясына агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 120 млрд теңге бөлінді. "30 млрд теңгесі инвестициялық жобаларға, 83 млрд теңгесі көктемгі егістік және жиын-терім жұмыстарын несиелендіруге, жалпы алғанда 120 млрд теңгенің 113 млрд теңгесі жұмсалды", - деді ол.

Осы орайда оның айтуынша, "ҚазАгроның" алдына биыл Ұлтты қордың қаражатына ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінен 3 млн тонна астық сатып алу міндеті қойылған. Ал оның айтынша, қалған 7 млрд теңге бір тоннасын 18 500 теңгеге астық сатып алуға жеткіліксіз. Сол себепті "ҚазАгро" "несие бойынша міндеттемені есептеу жолымен" сатып алады. "Біз негізінен астықты несиелер бойынша берешектері бар егіншілерден ғана сатып алып жатырмыз", - деді А.Мамытбеков.

"Биыл астық сатуға ниеті барлар биыл көп болуға байланысты біз барлық әкімдіктерге хат жіберіп, ол жерлерде жұмыс топтарын құрдық. Осы жұмыс тобы кімнен астық сатып алуды шешеді, бұл ақша кімге көбірек қажет дегенді солар жақсы біледі", - деді ол.

Өз кезегінде "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясының" бүгінгі күні жасасып отырған келісім-шарттары төлемдердің мерзімі үшін жауапкершілік жүктемеуге мүмкіндік беріп отыр. Мерзім туралы аталған келісім-шарттарда мүлдем айтылмаған",- деді.

"Бұл сыбайлас жемқорлық әрекеттерге негіз емей немене? Жалпы, меніңше, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бәр нәрсе шенеуніктің билеп-төстеуінде болатын бағдардан әлі де ауытқымай отырған сыңайлы", - деді ол.

Ол сонымен бірге Жамбыл облысындағы жағдайды мысал ретінде келтірді: "облыстағы барлық квота бір компанияға ғана берілген, ал облыс түгел бұл компанияның артында кім тұрғанын біледі. Ал шағын және орта кәсіпорындар іс жүзінде бір тиын да алған жоқ",- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны