02.08.2012, 10:27 2990

ҚазАгро өңірлерге арзандатылған астық жөнелте бастады

Биылғы құрғақшылықтың салқыны біздің елге ғана емес, экономикасы қарыштап дамыған АҚШ, Аргентина, Австралия, Ресей сияқты мемлекеттерге де тиіп тұр. Қуаңшылық салдарынан әлемдік саудадағы астық бағасы қымбаттады.

Астана. 2-тамыз. Kazakhstan Today - ҚазАгро өңірлерге арзандатылған астық жөнелте бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Биылғы құрғақшылықтың салқыны біздің елге ғана емес, экономикасы қарыштап дамыған АҚШ, Аргентина, Австралия, Ресей сияқты мемлекеттерге де тиіп тұр. Қуаңшылық салдарынан әлемдік саудадағы астық бағасы қымбаттады.

Ал Қазақстанда жыл басында 20 мың теңгеден сатылған астықтың тоннасы қазір 35 мың теңгеге көтерілген. Осындай қиындықтардан қысылмай шығу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 25-26 шілдеде "ҚазАгро" холдингі" АҚ, Ұн тартушылар одағы және облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдіктері арасында І сұрыпты ұн мен нанға бағаны тұрақтандыру және облыстарда мал басының төмендеуіне жол бермеу мақсатында арнайы меморандумға қол қойды. Бұл - аймақтардағы шаруаларды арзан астықпен қамтамасыз етудің тиімді жолы, - дейді мамандар.

Осы шараның нәтижесінде Қазақстанда нан бағасы тұрақтанып, астықтың бір тоннасы 28 мың теңгеге бағаланды. І сорт ұнның 1 кг 49 теңге болды. "Азық-түлік корпорациясы" аймақтарға көмек ретінде 1,3 млн тонна арзандатылған астық бөлді. Енді корпорациясы тұрақты бағамен облыстарға арзан астық жөнелпек.

Сонымен қатар, аталмыш корпорация енді құс шаруашылықтарына да осы бағамен астық сатпақ. Бұл құс шаруашылығымен айналысушыларға үлкен көмек болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны