17.02.2014, 20:11 3081

ҚазАгро теңге бағамының өзгеруінен туған нәтижелерді жеңілдету үшін барлық шараларды қолданады

Ислам даму банкінен тартылған, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жүзеге асырылатын "Сәтті" бағдарламасы бойынша - микронесиелеу шарттары өзгермейді, қаржылай қолдау Қоры барлық валюталық тәуекелдерді өз мойнына алады. Бүгінгі күні "Сәтті" бағдарламасы бойынша 1 417,2 млн.теңге сомасына 492 жоба қаржыландырылған.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan today. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" долларға шаққандағы ұлттық валюта бағамының өзгеруі шартында өз клиенттеріне аталған жағдайдың салдарын жұмсарту үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды.

Холдингте хабарлағандай, "ҚазАгро" Холдингінің компаниялар тобымен АӨК субъектілеріне берілген неиселердің негізгі бөлігі индекстелмейді. Қарызгерлердің негізгі бөлігі үшін несиелендіру шарты бұрынғы қалпында қалады, міндеттемелер арттырылмай, бұрын бекітілген кесте бойынша қайтарылады.

"ҚазАгро" Холдингінің несиелік портфелі 343,3 млрд.теңгені құрайды, соның 26,7 млрд.теңгесі немесе 8 пайызы валютаға байланған, себебі қаржыландыру көзі сыртқы нарықтан алынған немесе шетел қаржы институттары қаржылық тізіміне байланысты. Аталған бағдарламалар бойынша қаржыландырылған қарызгерлер үшін холдинг келесі бәсеңдету шараларын қабылдайды:

Ислам даму банкінен тартылған, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жүзеге асырылатын "Сәтті" бағдарламасы бойынша - микронесиелеу шарттары өзгермейді, қаржылай қолдау Қоры барлық валюталық тәуекелдерді өз мойнына алады. Бүгінгі күні "Сәтті" бағдарламасы бойынша 1 417,2 млн.теңге сомасына 492 жоба қаржыландырылған.

Сондай-ақ, аграрлық несиелік корпорациясы Дрезнер банкінен тартылған қаржы есебінен несиелендірілген қарызгерлер бойынша компания қарыз фиксациясын теңгеде қарастыру мүмкіндігін қарауға дайын, ҚР ҰБ-нің 2014 жылдың 11 ақпаны күнгі ресми валюта бағамы бойынша, яғни АҚШ долларына 155,56 теңге.

"ҚазАгроҚаржы" компаниясынан лизинг пен несиелендіру бағдарламалары бойынша негізгі қаржыны алған қарызгерлерге, оларды "Агробизнес-2020" бағдарламасы аясында қаржылық сауықтыру бағдарламасында бірінші кезекте кіргізу ұсынылады.

ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына "Азық түлік келісім шарт корпорацициясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ, "ҚазагроӨнім" АҚ, "ҚазАгрогарант" АҚ, "ҚазАгромаркетинг" АҚ кіреді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны